Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.10.14 N 257 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабындағы 3-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабындағы 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес келісу үшін ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің 2008 жылға қаржыландыру арқылы әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының қызметтеріне осы түрімен айналысатын қалалық деңгейдегі мамандардың ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтерілуге құқығы бар лауазымдар тізбесі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.В. Циммерманға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Жұмабеков
2008 жылғы 25 наурыздағы
аудан әкімдігінің № 78 қаулысына
қосымша
Ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты арқылы мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт саласының қызметкерлеріне қызметтердің осы түрімен айналысатын қалалық деңгейдегі мамандардың ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын тарифтік ставкаларын жыирма бес пайызға көтерілуге құқығы бар лауазымдар тізбесі
1. Әлеуметтік қамту мамандарының лауазымы:
1) әлеуметтік жұмыс бойынша маман
2. Білім беру мамандарының лауазымы:
1) басшы және орынбасар (соның ішінде бірінші) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорын басшысы, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорын басшысы;
2) оқыту жұмысы, әкімшілік - шаруашылық қызметі бойынша директордың орынбасары;
3) тәрбиелеу жұмысы бойынша директор орынбасары;
4) кәсіптік оқыту бойынша директор орынбасары;
5) барлық мамандар мұғалімі;
6) мұғалім;
7) тәрбиеші;
8) музыкалық басшы;
9) әдіскер, аудандық әдістеме кабинетінің әдіскері;
10) шебер, кәсіптік оқыту шебері;
11) медбике;
12) диеталық мейірбике;
13) кітапханашы;
14) жетекші;
15) зертханашы;
16) ауданның әдістемелік кабинеті, кітапхана, интернат меңгерушісі;
17) балалар дәрігері;
18) хореограф;
19) жаттықтырушы;
20) бастапқы әскери дайындығының мұғалім-ұйымдастырушысы;
21) әлеуметтік психолог;
22) психолог-ұстаз;
23) аудармашы;
24) аға жетекші;
25) үйірме басшысы.
3. Мәдениет мамандықтарының лауазымы:
1) Мемлекеттік мекеме, қазыналы кәсіпорынның бастығы, басшы, директоры;
2) әдіскер;
3) мәдени ұйымдастырушы;
4) жинақтаушы бөлім редакторы;
5) аға кітапханашы;
6) библиограф;
7) кітапханашы;
8) аккомпаниатор;
9) музыкалық басшы.
4.Спорт мамандарының лауазымы:
1) мекеме басшысы;
2) жаттықтырушы;
3) нұсқаушы