Уәлиханов ауданы бойынша 2009-2010 жылғы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 255 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 ақпанда N 13-13-99 тіркелді

       «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-1 Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2) тармақшасына сәйкес және жұмыс берушілердің берген өтініштері негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс істейтін барлық азаматтар санынан 3 пайыздық мөлшерінде мүгедектерді еңбекке орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы анықталсын.
      2. Уәлиханов ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру барысында мүгедектер үшін жеке жұмыс орындарын ескерсін.
      3. Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 09 маусымның «Уәлиханов ауданы бойынша 2008 жылғы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 108 қаулысының күші жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы оны бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.    

      Аудан әкімі                                     Е. Уәхитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады