Мақат ауданының кейбір кенттерін село санатына жатқызу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 90-ІV шешімі және Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 11 наурыздағы N 60 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 23 сәуірде N 2529 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 11-баптарына сәйкес, Мақат аудандық әкімиятының 2008 жылғы 20 ақпандағы N 44 қаулысының және Мақат аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 ақпандағы N 46-IV шешімінің негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ :

      1. Мақат ауданының Комсомол, Қошқар, Ескене және Байшонас кенттері село санатына жатқызылсын.

      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың                              Облыс әкімі
      VІ сессиясының төрағасы                           Б.Рысқалиев
      С.Қуанышев

      Облыстық мәслихаттың хатшысы
      Ж.Дүйсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады