Жылыой ауданы бойынша 2009 жылға тіркелген салық ставкалары туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 8-9 шешімі. Жылыой аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда N 4-2-107 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Салық кодексінің 422 бабының 2 тармағын басшылыққа алып, аудандық мәслихаттың кезекті VIII сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жылыой ауданы бойынша 2008 жылға тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 19 желтоқсан 2007 жылғы N 3-7 "Жылыой ауданы бойынша 2008 жылға ойын бизнесіне қатысты тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы" (мемлекеттік тіркеу саны 4-2-85, 25 қаңтар 2008 жылы 4 "Кең Жылыой" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Аудандық мәслихаттың VIII
      сессиясының төрағасы            Т. Қыдырбаев

      Аудандық мәслихат хатшысы       М. Кенғанов 


Аудандық мәслихаттың     
2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 8-9
шешіміне қосымша       

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес 2009 жылға тіркелген салық ставкалары

Р/с

Салық салынатын объектілердің атауы

Тіркелген салық ставкалары бір айға (айлық есептік көрсеткіш) 2009 жылы

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

7

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

15

5

Карт

6

6

Бильярд үстелі

5

      Айлық есептік көрсеткіш – Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады