Көше атын беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы Қара арна селолық округі әкімінің 2008 жылғы 13 қарашадағы № 46 шешімі. Жылыой аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 желтоқсанда № 4-2-104 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна селолық округі әкімінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Қара арна селолық округі әкімінің 10.12.2010 № 31 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына және Жылыой ауданының 80 жылдық мерей тойына орай есімі елге танымал адамдарды есте қалдыру мақсатында Аудандық ономастикалық комиссияның 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 5 қорытындысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шоқпартоғай селосының орталығындағы Жеңіс бағы паркі мен темір жол бекеті аралығындағы көшеге "Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков медалінің иегері Ботай Нұрмағамбетовтың есімі берілсін.
      2. Ботай Нұрмағамбетов есімі берілген көше тұрғындарына көшені ауылдағы үлгілі көшеге айналдыру, көше тәртібі мен тазалығын сақтау ұсынылсын.
      3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Село әкімі Е. Елеусінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады