Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2010.02.04 № 169-IV шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"Салық кодексінің 386, 387 баптары негізінде аудандық салық басқармасының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы СБ-03-02/N 1491 санды ұсынысын қарай келіп, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 99-ІV санды заңының 386 бабының 1 тармағы негізінде автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жер учаскелеріне салық ставкасы 10 есеге ұлғайтылсын.
2. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық кодексінің 383, 384 және 387 баптарының негізінде елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
3. Аудандық жер қатынастары бөліміне (А. Амиров) аталған жерлерге орналасқан заңды және жеке тұлғалардың жер көлемдері туралы әр айдың 5-не дейін салық комитетіне беріп отыру ұсынылсын.
4. Аталған шешімнің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық, экологиялық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Қабделов) жүктелсін.
5. Аталған шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, алғаш ресми жарияланған күннен 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
кезекті ІХ сессиясы төрағасы Ж. Қасымұлы
Аудандық мәслихат хатшысы Ж. Қадимов