Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округ әкімінің 27.10.2010 № 15 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып және аудан әкімі жанындағы ономастикалық комиссия мәжілісінің 2007 жылғы 6 қарашадағы қорытындысына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Жарсуат ауылындағы жаңадан салынып жатырған екі көшеге Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері Жангиров Қуан мен Қазиев Жәрдемнің есімдері берілсін.
1) Жарсуат ауылының оңтүстік бетіндегі жаңа көшеге Жангиров Қуанның есімі;
2) Жарсуат ауылының шығыс бетіндегі жаңа көшеге Қазиев Жәрдемнің есімі;
2. Осы шешімнің тиісті даналары аудандық әділет басқармасына жолдансын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі С. Даутбаев