2009 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 130-ХІІІ қаулысы. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарда N 4-8-137 тіркелді. Күші жойылды - аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 234-ХXV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - аудандық мәслихаттың 2009.12.23 N 234-ХXV шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)тармақшасына басшылыққа алып, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-ІҮ "Салық және бюджетке төленетін басқа   да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағының талаптары және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 2682 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

       1. Салық кодексінің 378-бабымен белгіленген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және 381- бабымен белгіленген елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары 2009 жылда 50 пайыз мөлшерінде өсірілсін.

      2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 39-ІІІ "2008 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" (аудандық әділет басқармасында 2008 жылы 17 қаңтарда N 4-8-114 мемлекеттік тіркелген, 2008 жылы 26 қаңтарда аудандық "Серпер" үнжариясының 4 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық саясаты және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш. Жәлелов) тапсырылсын.

      Аудандық Мәслихаттың
      ХІІІ сессиясының төрағасы:      Б. Бекжанов               
      Аудандық Мәслихат хатшысы:      Р. Сұлтанияев

      Келісілді: 
 
      Н. Аленов - Аудан бойынша салық басқармасының бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады