Шымкент қалалық мәслихатының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 27/239-3c "Шымкент қаласының аумағындағы құрылыс жүргізудің Қағидасы туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 9/80-4с шешімі. Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 20 мамырда N 14-1-75 тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 33/306-4с Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2010.03.31 N 33/306-4с Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы" Заңының  22 , 30 баптарына сәйкес, қалалық мәслихат  ШЕШТІ:

      1. "Шымкент қаласының аумағындағы құрылыс жүргізудің Қағидасы туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 27/239-3с (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 14-1-27 санды болып тіркелген, "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде 2006 жылғы 14 сәуірде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидасының:
      4 тарауы:
      тақырып жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      4 тарау. Жер учаскелеріне құқық табыстау туралы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысын қабылдау кезіндегі рұқсат беру ресімдерінің тәртібі;
      9 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      9. Мемлекет меншігінде жер телімдерін жеке меншікке (жер пайдалануға) алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға жеке меншікке (жер пайдалануға) беру келесі тәртіппен іске асырылады:
      жер кодексімен немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық кесімдерімен қарастырылған жағдайларда ақысыз (өтеусіз) негізде;
      сауда-саттықсыз өтеулі негізде;
      сауда-саттық жүргізу арқылы өтеулі негізде;
      Құрылыс салуға арналған жер учаскелеріне құқықты сату бойынша сауда-саттық өткізу кезінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе жалға алу құнын сатып алу үлгілік келісім-шартында жер учаскесін берудің мынадай шарттары қарастырылуы мүмкін:
      инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы (заңнамада қарастырылған жағдайларды есептемегенде);
      жылжымайтын мүлік нысандарының құрылыс салу мерзімін сақтау;
      ортақ пайдалану аймақтарын абаттандыру.
      Осы аталған шарттар жер учаскесіне құқық басқа тұлғаға өткен жағдайда да сақталады;
      мынадай мазмұндағы 9-1 - 9-15 тармақшаларымен толықтырылсын:
      9-1. Арызда (қолдаухатта) келесі мәселелер көрсетіледі: жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның болжамды көлемі, орналасуы, жер учаскесіне сұралып отырған құқық түрі, арызданушының реквизиттері (мекен-жайы, телефоны);
      9-2. Әкімдіктің тапсырмасы бойынша жер қатынастары жөніндегі орган 2 жұмыс күнінен аспайтын уақытта мүдделі тұлғаның арызын (қолдаухатын) тіркейді және сұралып отырған жер учаскесінде меншік иелері (жер пайдаланушылар), сондай-ақ жер қатынастарының басқа да субъектілері бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты бекітілген тәртіппен алу үшін қолдаухаттың көшірмесін Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорны жерге орналастыру ғылыми өндірістік орталығы (ары қарай ОҚ ЕМКЖО ҒӨО) Шымкент қалалық жер-кадастр филиалына жолдайды;
      9-3. ОҚ ЕМКЖО ҒӨО Шымкент қалалық жер-кадастр филиалы (келісіміне қарай) жеті жұмыс күні ішінде (кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін екі жұмыс күні ішінде) бекітілген тәртіппен жер қатынастары органына сұралып отырған жер учаскесінде меншік иелері (жер пайдаланушылар), сондай-ақ жер құқығына қатысты басқа да субъектілердің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты ұсынады;
      ОҚ ЕМКЖО ҒӨО Шымкент қалалық жер-кадастр филиалы сондай-ақ мемлекеттік жер-кадастрлық автоматты ақпараттар жүйесінен жер учаскесінің орналасу сызбасын береді;
      Өткізілген құжаттар ОҚ ЕМКЖО ҒӨО Шымкент қалалық жер-кадастр филиалының бірінші басшысының қолы қойылып, куәландырылады;
      9-4. Жер қатынастары жөніндегі орган екі жұмыс күні ішінде мүдделі тұлғаның қолдаухатының және ОҚ ЕМКЖО ҒӨО Шымкент қалалық жер-кадастр филиалынан келген барлық құжаттардың көшірмесін бірінші басшының қолы қойылған түрде сәулет органына ұсынылған қолдаухатты қанағаттандыру мүмкіндігін анықтау үшін (жер учаскесін алдын-ала таңдау актісі) жолдайды;
      9-5. Сәулет органы жеті жұмыс күні ішінде (кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін екі жұмыс күні ішінде) жер қатынастары органына бірінші сәулет органының басшының қолы қойылған сұралған жер учаскесін арызда көрсетілген нысаналық мақсатына сай пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындыны ұсынады;
      қорытындыға сәулет органының бірінші басшысының қолы қойылған және сәулет органының мөрі басылған жер учаскесіне құқық ұсыну үшін қажетті құжаттар қоса тіркеледі (қала құрылысы регламенттерімен, шектеулерімен, "қызыл сызықтарымен", жер учаскесінің координаттарымен бірге тірек жоспары);
      9-6. Жер қатынастары органы жеті жұмыс күні ішінде (кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін екі жұмыс күні ішінде) қорытындыны дайындап, жер учаскесі бойынша құжаттарды Жер комиссиясы қарауына ұсынады;
      9-7. Жер комиссиясы бес жұмыс күні ішінде жер учаскесіне сұралған құқықты ұсынуға болатындығы немесе болмайтындығы туралы қорытынды береді.
      Жер комиссиясы шешімі қорытынды түрінде ресімделеді;
      9-8. Жер комиссиясы оң нәтижелі шешім шығарған жағдайда жер қатынастары органы жеті жұмыс күні ішінде (кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін екі жұмыс күні ішінде) құжаттардың көшірмесін жерге орналастыру жобасы жасалуы үшін арызданушыға өткізеді;
      Жер комиссиясы құқық ұсынудан бас тартқан жағдайда екі күннен аспайтын мерзімде жер қатынастары органы әкімдіктің құқық ұсынудан бас тартуға негізделген қаулы жобасын дайындайды және қаулыны әкімдік қарауына ұсынады (әкімдіктің жер учаскесіне құқық ұсынудан бас тарту туралы қаулысының көшірмесі арызданушыға шешім қабылданғаннан кейін жеті күн ішінде тапсырылады);
      9-9. Жерге орналастыру жобасын орындау үшін арызданушы тиісті лицензиясы бар ұйымды өзі таңдайды. Жоба ішінде берілетін жер телімінің орналасуы, алаңы, оның шекаралары, шекаралас жер пайдаланушылар мен меншік иелері, сондай-ақ жер учаскесіне салынатын ауыртпалықтар мен сервитуттар көрсетіледі;
      Белгілі тәртіппен жасалған жобаны арызданушы жер қатынастары органына бекіту үшін және жер учаскесіне құқықты одан әрі қарай ресімдеу үшін ұсынады;
      9-10. Жер қатынастары жөніндегі орган он жұмыс күннен аспайтын (кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін үш жұмыс күні ішінде) жер учаскесінің бөлінетіндігін-бөлінбейтігін көрсетіп, жерге тиісті құқық ұсыну туралы әкімдік қаулысының жобасын дайындайды және оны әкімдікке қарауға ұсынады;
      Әкімдік қаулысының жобасы Шымкент қаласы әкімінің сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мәселелерін бақылайтын орынбасарымен, Шымкент қаласы әкімі аппаратының заң бөлімімен, сәулет органымен келісіледі;
      9-11. Әкімдік жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде (кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін төрт жұмыс күні ішінде) қаулыны қабылдап, әкімдік қаулысының 5 данасын (куәландырылған көшірмелерін) құжаттармен бірге жер қатынастары органына жолдайды;
      9-12. Жер қатынастары жөніндегі орган әкімдік қаулысы қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алу-сату немесе жалға алу келісім-шартын жасасады және қаулының 1 данасымен бірге оны арызданушыға және ОҚО еншілес мемлекеттік кәсіпорны жерге орналастыру ҒӨО Шымкент қалалық жер-кадастр филиалына өткізеді;
      9-13. ОҚО еншілес мемлекеттік кәсіпорны жерге орналастыру ҒӨО Шымкент қалалық жер-кадастр филиалы отыз күн ішінде бекітілген тәртіппен жер-кадастрлық ісін құрастыру үшін құжаттарды, оның ішінде жер учаскесінің шекараларын өз орнында анықтау құжаттарын да реттейді, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындайды және оны жер-кадастрлық ісімен бірге жер қатынастары органына қол қойылу үшін жолдайды;
      9-14. Жер қатынастары жөніндегі орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізілген сәйкестендіру құжатын тіркеп, оны арызданушыға жер учаскесі үшін, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы шығындары өтелгені жайлы (ауыл шаруашылығы алқаптары мен орман қоры жерлері берілген жағдайда) төлем құжаты ұсынылғаннан кейін тіркеу журналына қол қойғызып береді, ал жер-кадастрлық ісін мемлекеттік жер кадастрлық автоматты ақпараттар жүйесіне енгізіп мұрағаттау үшін ОҚО еншілес мемлекеттік кәсіпорны жерге орналастыру ҒӨО Шымкент қалалық жер-кадастр филиалына жолдайды;
      9-15. Жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу тіркеуші органда заңнамамен бекітілген тәртіпте іске асырылады.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

      Қалалық мәслихат хатшысы 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады