Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімінің 24.07.2013 № 356 қаулысымен.
"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі 1, 2, 3, 4- қосымшаларға сәйкес анықталсын.
2. Арыс қалалық мәслихатының келісіміне, осы қаулының 1-тармағында анықталған лауазымдардың тізбесі енгізілсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарда қолданылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Сұлтановқа жүктелсін.
Қала әкімі Ш. Сатымбеков
КЕЛІСІЛДІ
Арыс қалалық мәслихат хатшысы Ө. Керімқұлов
Арыс қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 690 қаулысына 1 қосымша
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс
істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандары
лауазымдарының тізбесі
1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары, экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша басшы орынбасарынсыз.
2. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы дәрігерлер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, мамандандырылған медициналық бике, барлық мамандықтағы медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, мәдени ұйымдастырушы (аккомпаниатор), зертханашы, әдістемеші, өндіріс оқыту шебері, залалсыздандыру жұмыстары, емдеу шынықтыру, еңбек және қызметкерлерді дайындау жөніндегі нұсқаушы, психолог, кітапханашы, фельдшер, тәрбиеші, музыкалық жетекші.
Арыс қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 690 қаулысына 2 қосымша
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс
істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушісі, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, оқу-өндірістік меңгерушісі, лагерь (бастығы) меңгерушісі білім беру ұйымдарында.
3. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер, вожатый, тәрбиеші, оқу орнының, оқу тәрбие оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы, оқу тәрбие ісімен тікелей айналысатын музыкалық жетекші, аккомпаниатр, концертмейстер, өндірістік оқыту шебері, әдіскер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, қосымша мамандықтағы педагог, дәрігер-психиатр, дәрігер-невропотолог, дәрігер-сурдолог, дәрігер-офтальмолог, сурдопедагог, тифлопедагог, медициналық статистик, медициналық бике, емдәм бикесі, кітапханашы, зертханашы, мұғалім-логопед, мұғалім-дефектолог.
Арыс қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 690 қаулысына 3 қосымша
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс
істейтін мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
2. Көркем жетекші, филиал меңгерушісі, группа меңгерушісі, музыка бөлімінің меңгерушісі, әдебиет бөлімінің меңгерушісі, көркемдік қоюшы бөлімінің меңгерушісі, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі.
3. Мамандар (бас, аға): аккомпаниатор, әртіс, кітапханашы, редактор, режиссер, режиссердің көмекшісі, дыбыс режиссері, дыбыс операторы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, бас суретші, қоюшы суретші, хореограф, мұражай қорын сақтаушы, ғылыми қызметкер, экскурсовод, мұражай бақылаушысы, дыбыс жабдықтарына, хабар беру техникасына, телевизиялық жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі механик.
Арыс қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 690 қаулысына 4 қосымша
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін спорт
мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
2. Мамандар (бас, аға): оқу тәрбие оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы әдіскері, оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы, педагог-психолог, дәрігер, медициналық бике.