Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 25.06.2013 № 234 қаулысымен.
"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес және мүгедектердің тіршілік-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар жұмыс орындарының жалпы санының 3 пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Әлимбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Ж. Турабаев