Бөржар, Қарақұм және Жеңіс ауыл округтеріне қарасты Жамбыл, Бірлік, Қайнар, Қалаш, Теспе, Ұялыжар, Ықластемір, Ынтымақ, Қарақұм, Женіс, Дихан елді мекендерінде уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауыруының тіркелуіне байланысты карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 қыркүйектегі N 399 қаулы. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 21 қазанда N 14-8-58 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 417 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2009.09.11 N 417 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2-тармағының 9 тармақшасына сай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 11 қыркүйектегі N 3-11/288 санды ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бөржар, Қарақұм және Жеңіс ауыл округтеріне қарасты Жамбыл, Вірлік, Қайнар, Қалаш, Теспе, Ұялыжар, Ықластемір, Ынтымақ, Қарақұм, Жеңіс, Дихан елді мекендерінде тұрғындардың уақ малдары арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы /Н.Әбдиев - келісімі бойынша/ назарына уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының алдын алу және таратпау мақсатында атқарылатын іс- шаралар жоспарын дайындау ұсынылсын.
      3. Ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторынан /У. Онбергенов - келісімі бойынша/ шектеу қойылған аумақта мал қозғалысын қатаң бақылауға алып, індеттік байланыс тобына әсер ететін ветеринариялық жұмыстарды атқару сұралсын.
      4. Аудандық медицина бірлестігінен /Б.Сағымбеков - келісімі бойынша/, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан /Н.Жұмаділлаев - келісімі бойынша/, Бөржар, Қарақұм және Жеңіс ауыл округіндегі тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту, бруцеллез (сарып) ауруымен ауырған және аурулармен қатынаста болғандарды медициналық байқаудан өткізуді бақылауға алу сұралсын.
      5. Бөржар, Қарақұм және Жеңіс ауыл округі әкімдеріне белгіленген іс-шараның уақытылы, сапалы орындалуын қамтамасыз және шектеу белгіленгені жөнінде ауыл тұрғындарына хабарлау тапсырылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Жұмановқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі.

      КЕЛІСІЛДІ:      

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының
      Ордабасы аудандық инспекция бастығы        Н.С.Әбдиев    

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының
      Ордабасы аудандық бас мемлекеттік
      ветеринариялық инспекторы                  У.О.Онбергенов

      Ордабасы аудандық медицина
      бірлестігінің бастығы                      Б.С.Сағымбеков    

      Ордабасы аудандық санитарлық
      -эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      Н.Қ.Жұмаділлаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады