Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 295 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қаңтарда N 14-9-71 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі № 355 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 29.07.2013 № 355 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес анықталсын.
      2. Отырар аудандық мәслихатының келісіміне, осы қаулының 1-тармағында анықталған лауазымдардың тізбесі енгізілсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарда қолданылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Тоқбергеноваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                      Ә.Құртаев     

Отырар ауданы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
N 295 қаулысына 1-қосымша

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тiзбесі

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары, экономикалық, қаржылық және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша басшы орынбасарынсыз.
      2. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы дәрігерлер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, мамандандырылған медициналық бике, барлық мамандықтағы медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, мәдени ұйымдастырушы (аккомпаниатор), зертханашы, әдістемеші, өндіріс оқыту шебері, залалсыздандыру жұмыстары, емдеу шынықтыру, еңбек және қызметкерлерді дайындау жөніндегі нұсқаушы, психолог, кітапханашы, фельдшер, тәрбиеші, музыкалық жетекші.

Отырар ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
N 295 қаулысына 2-қосымша

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн білім беру мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушісі, (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Бөлім меңгерушісі, оқу-өндірістік меңгерушісі, лагерь (бастығы) меңгерушісі білім беру ұйымдарында.
      3. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалiмдер, вожатый, алғашқы әскери дайындық жетекшісі, педагог-ұйымдастырушы, оқу тәрбие оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы, оқу тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекшi, аккомпаниатор, концертмейстер, өндірістік оқыту шебері, еңбек жөніндегі нұсқаушы, мәдени-ұйымдастырушы, мектептен тыс ұйымдардағы қызығушылығы бойынша студия, клуб жетекшілері, әдiскер, дәрігер-психиатор, дәрігер-невропатолог, дәрігер-офтальмолог, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, қосымша мамандықтағы педагог, медициналық бике, емдәм бикесі, кітапханашы, зертханашы, тәрбиеші, медициналық статистик, балетмейстер, менеджер, жаттықтырушы, хореограф, мұражай қорын сақтаушы, тіс дәрігері.

Отырар ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
N 295 қаулысына 3-қосымша

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Көркемдік жетекшi, филиал меңгерушісі, труппа меңгерушісі, музыка бөлімінің меңгерушісі, әдебиет бөлімінің меңгерушісі, көркемдік қоюшы бөлімінің меңгерушісі, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі, клуб меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі.
      3. Мамандар (бас, аға): аккомпаниатр; әртіс, кiтапханашы; редактор; режиссер, режиссердің көмекшісі, дыбыс режиссері, дыбыс операторы, мәдени ұйымдастырушы, әдiскер, бас суретші, қоюшы суретші, хореограф, үйірме жетекшісі, көркемдік жетекші, библиограф, суретші, нұсқаушы, балетмейстер, оператор.

Отырар ауданы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
N 295 қаулысына 4-қосымша

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн спорт мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары, (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа), филиал директоры (меңгеруші).
      2. Мамандар (бас, аға): әдіскер, оқу тәрбие оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің спорт мектебінің нұқаушысы, нұсқаушы әдіскері, оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы, педагог-психолог, дәрігер, медициналық бике, фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады