Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Тассай ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 28,0 гектар жерден жер телімі алынып, Таскен ауылының шегіне енгізілсін.
2. Жалпы көлемі 28,0 гектар жер телімі қосылып, Таскен елді мекенінің шегі өзгертілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Әлі
Сессия төрағасы Н. Ирсалиев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Тулендиев