Қарасу ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 8 ақпандағы N 1 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы мәслихат сессиясының 2008 жылғы 8 ақпандағы N 4-69/IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 5 наурызда N 14-10-90 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 23-1-бабының 1-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Қарасу ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 50,0 гектар жер телімі алынып, Қарасу ауылының шегіне енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 50,0 гектар жер телімі қосылып, Қарасу елді мекенінің шегі өзгертіліп, елді мекенді дамыту және салу схемасы (оңайлатылған бас жоспары) бекітілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Әлі
      Сессия төрағасы                            Н. Ирсалиев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т. Тулендиев
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады