Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қаратөбе ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 39,0 гектар жер телімі алынып, Бадам-1, Базар-қақпа және Тұрдыабад ауылдарының шегіне енгізілсін.
2. Жалпы көлемі 39,0 гектар оның ішінде: Бадам-1 ауылына 10,0 гектар жайылымдық, Базар-қақпа ауылына 23,5 гектар, Тұрдыабад ауылына 3,5 гектар және 2,0 гектар жайылымдық жер телімдері қосылып, аталған ауылдардың шегі өзгертілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Ирсалиев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Тулендиев
Аудан әкімі М. Әлі