Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 23-1-бабының 1-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Ақсукент ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 278,0 гектар жер телімі алынып, Ақсукент ауылының шегіне енгізілсін.
2. Жалпы көлемі 278,0 гектар жер телімі қосылып, Ақсукент ауылының шегі өзгертіліп, осы елді мекенді дамыту және салу схемасы (оңайлатылған бас жоспары) бекітілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Б. Нысанов
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Тулендиев
Аудан әкімі М. Әлі