Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қарамұрт ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 86,0 гектар жер телімі алынып, Қарамұрт ауылының шегіне енгізілсін.
2. Жалпы көлемі 86,0 гектар жер телімі қосылып, Қарамұрт ауылының шегі өзгертілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Б. Нысанов
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Тулендиев
Аудан әкімі М. Әлі