Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 18.08.2023 № 4/30-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8 баптарына және "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің" 8 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 181 қаулысына сәйкес Ленгір қаласы мен аудан елді мекендері аймақтарының шекаралары төмендегіше болып бекітілсін:
1.1 Ленгір қаласы бойынша:
1 аймақ: Төлеби, Қапалбатыр атындағы көшелер.
2 аймақ: бірінші аймаққа кірмейтін қалған қала аумағындағы көшелер, мөлтек аудандар мен өткелдер.
1.2 Аудан аумағы бойынша:
3 аймақ: аудан аумағындағы барлық елді мекендер мен жаппай демалыс (саяжай аймақтары), туризмге арналған рекреациялық жер телімдері.
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы "Жер учаскелерін жеке меншік нысандарына сату мақсатында Төлеби ауданы мен аудандық маңызы бар Ленгір қаласында аймақтардың шекараларын белгілеу туралы" N 3/19-ІV шешімі жойылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | С. Дүйсебаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ә. Шыңғысбаев |