Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 21.04.2014 N 4841 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, 18-бабының 2) тармақшасына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) 1,2, 3, 4 қосымшаларға сай анықталсын.
2. Тізбе келісімдеуге Өскемен қалалық мәслихатына ұсынылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов
Өскемен қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 2 желтоқсандағы
N 2831 қаулысына
1 қосымша
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі "Өскемен қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының
тізбесі
1. Мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындары директоры мен директордың орынбасары.
2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде, барлық мамандықтағы дәрігерлер, медициналық бике, фельдшер.
Өскемен қаласы әкімі
аппаратының басшысы А. Бақтиярова
Өскемен қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы Ш. Оразбаева
Өскемен қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 2 желтоқсандағы
N 2831 қаулысына
2 қосымша
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі
жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген
білім мамандары лауазымдарының
тізбесі
1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы, оқу, тәрбие және оқу-тәрбие жөніндегі басшының орынбасары, кітапхана меңгерушісі.
2. Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандықтар мұғалімдері, тәрбиеші, алғашқы әскери дайындық бойынша оқытушы-ұйымдастырушы, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогы, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, мұғалім-логопед, әдіскер, аға бастаушы, дене шынықтыру бойынша нұсқаушы, жүзу бойынша нұсқаушы, аккомпаниатор, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, үйірме жетекшісі.
3. Мамандар (бас, аға): кітапханашы, тәлімгер, хореограф, дәрігер, медбике, диеталық бике, фельдшер.
Өскемен қаласы әкімі
аппаратыны ң басшысы А. Бақтиярова
Өскемен қаласының білім
беру бөлімінің бастығы А. Кузнецов
Өскемен қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 2 желтоқсандағы
N 2831 қаулысына
3 қосымша
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі "Өскемен қаласының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген мәдениет мамандары лауазымдарының
тізбесі
Мамандар (бас, аға): кітапханашы.
Өскемен қаласы әкімі
аппаратының басшысы А. Бақтиярова
Өскемен қаласының мәдениет
және тілдерді дамыту
бөлімінің бастығы Р. Алханова
Өскемен қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 2 желтоқсандағы
N 2831 қаулысына
4 қосымша
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі "Меновное ауылдық округі
әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру
белгіленген мәдениет мамандары лауазымдарының
тізбесі
1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын жетекшісі, соның ішінде мәдени-демалыс орталығының директоры.
2. Мамандар (бас, аға): мәдени ұйымдастырушы, музыкалық жетекші, аккомпаниатор.
Өскемен қаласы әкімі
аппаратының басшысы А. Бақтиярова
Меновное ауылдық округі
әкімінің міндеттерін атқарушы Е. Нұралдинов