"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 33 бабының 1–тармағының 13) тармақшасына сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 8 шілде 2005 жылғы N 74 Заңының 17 бабына және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі Б. Нұржауов, (келісімі бойынша) 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында тіркеу жылында 17 жасқа толатын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген ер азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жүргізсін.
2. 1992 жылғы туған азаматтарды тіркеуден өткізу үшін комиссия құрылсын (қосымша N 1).
3. 1992 жылғы туған азаматтарды тіркеу комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін. (қосымша N 2).
4. Ауылдық округ әкімдері мен ауданның білім бөлімі (Е. Имаханов):
1) 1992 жылғы туған ер азаматтардың тізімін уақытында тапсырсын;
2) келісілген кесте бойынша жастарды шақыру учаскесіне әкелуге арнайы автокөлік бөлсін;
3) жастарды шакыру учаскесіне жібергенде тиісті құжаттардың болуын қадағаласын;
4) жастарды шақыру учаскесіне әкелуде оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімін басшы ретінде жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Абай ауданының медицина бірлестігінің директоры Битенова Қ., (келісімі бойынша):
1) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Медициналық куәландыру туралы Ережені қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 2005 жылғы 04 наурыздағы N 100 бұйрығының талаптарына сәйкес қорғаныс бөлімінің медициналық комиссиясына білікті маман дәрігерлермен, орта медициналық қызметкерлермен, қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен және дәрі-дәрмекпен толтырылсын;
2) аудандық медицина бірлестігі мекемесінде шақырылушыларды клиникалық зерттеу және емдеу үшін қажетті мөлшерде төсектер бөлсін. Қорғаныс бөлімінің жолдауы бойынша емдеу үшін шақырылушылардан ақша алуына тыйым салсын. Стационарлық жағдайда шақырылушыларды емдеуге және зерттеуге жұмсалған шығындардың өтемақысы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ұсынылған тізімдер бойынша жүргізілсін.
6. Ауданның білім бөлімі (Имаханов Е.), ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі Б. Нұржауов, (келісімі бойынша) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу және білім дәрежесін, дене шынықтыру даярлығын тексеру жөнінде комиссия құрсын.
7. Аудандық ішкі істер бөлімі Утепов У., (келісімі бойынша) тіркеу кезінде қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен бірге тіркеуден жалтарушы азамттарды іздестіру және шақыру учаскесінде тәртіп сақтауды қамтамасыз ету мәселелерінде өзара ынтымақтаса қимылдауды қамтамасыз етсін.
8. Аудан әкімінің 10 желтоқсан 2007 жылғы N 18 санды "1991 жылы туған азаматтарды 2008 жылы Абай аудандық шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы" N 5-5-47 өткен, "Абай елі" газеті N 2, 3 (036-037) 15 қаңтар, 31 ақпан 2008 жылы жарияланған шешімінің Абай ауданы әкімінің 15 тамыз 2008 жылғы N 31 санды шешімімен күші жойылды деп танылсын.
9. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
10. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Аудан әкімінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 41 шешімінің N 1 қосымшасы |
1992 жылғы туған ер азаматтарды тіркеуден өткізу комиссиясы
Аудан әкімінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 41 шешімінің N 2 қосымшасы |