Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 595 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 сәуірде N 5-6-70 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы N 612 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2009.05.29 N 612 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III «Қазақстанда мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралу» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту және оларға арналған жұмыс орындарын брондау (сақтау) мөлшерін белгілеу мақсатында Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әр мекеме мен кәсіпорындарда істейтін жұмысшылар санының 3 пайыз есебінен 2008 жылға мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Барлық мекеме, кәсіпорын басшылары және кадр жұмысымен айналысатын мамандары мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы  бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87-I бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылатындығы ескертілсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Әзімбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында тіркеліп, ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде күшіне енеді.
 
      Аягөз ауданының әкімі                     О. Жолымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады