1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 11 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 желтоқсанда N 5-10-71 тіркелді. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімінің аппаратының 2009 жылғы 15 мамырдағы N 715 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімінің аппаратының 2009.05.15 N 715 хатымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Жарма ауданының шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды  тіркеуді жүргізу мақсатымен, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 және 44 бабтарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қаулысын басшылыққа ала отырып, Жарма ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. Жарма ауданының шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу өткізілсін.
      2. 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу жөнінде аудандық комиссияның құрамы бекітілсін (қосымша-1).
      3. Шақыру учаскесіне тіркелетін 1992 жылы туған азаматтарды медициналық куәландыру 2009 жылдың 29 қаңтарынан 2009 жылдың 31 наурызы аралығында жүргізілсін.
      4. «Жарма ауданының орталық ауруханасы» КҚМК (Т.В Брынзова) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлінсін;
      2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелеріне тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша  азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстасын;
      3) қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз етілсін;
      4) тіркеу учаскесіне тіркеу жүргізіліп, емделуге мұқтаж шақырушылардың тізімдері тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, толық емделіп шығуы ұйымдастырылсын;
      5) аудандық аурухананың дәрігер мамандарынан әскери есепке алу медициналық комиссиясының штаттан тыс дәрігерлік комиссия құрамы бекітілсін (қосымша 2).
      5. Аумақтық бірліктік әкімдері тіркелуге тиісті азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;
      6. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.А. Өмірзақов) мүгедек деп танылған барлық адамдар туралы мәлімет берсін.
      7. «Жарма ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.М. Ахметова) және «Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» (Ғ.Б. Дайрабаев) (келісім бойынша):
      1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу және білім деңгейін тексерсін;
      2) әскери техникалық мамандық бойынша даярлауға үміткерлер іріктелсін;
      8. Жарма ауданының ішкі істер бөлімі (Ж.К.Жүрсімбаев) (келісім бойынша):
      1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарласын;
      2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзіреті шегінде жүзеге асырсын.
      9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
      10. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                         Д.М. Мусин

      Келісілді: 
 
      Жарма ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы            Ғ.Б. Дайрабаев

      Жарма ауданының ішкі істер
      бөлімінің бастығы                      Ж.Т. Жүрсімбаев

      Жарма ауданының орталық ауруханасы
      коммуналды қазыналық мемлекеттік
      кәсіпорынының бас дәрігері             Т.В.Брынзова

Жарма ауданы әкімінің
2008 жылғы 10 желтоқсанындағы
№ 11 шешіміне 1-қосымша

1992 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу жөніндегі
аудандық комиссияның құрамы:

1. Ғалымсерік Битемірұлы Дайрабаев

ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

2. Құрма Нүкенқызы Төлеубаева

ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары  (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

3. Ерболат Қинашұлы Айдаболов

ауданның ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

4. Шайза Рафағатқызы Дайырова

ауданның орталық аурухананың дәрігері, медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша)

5. Айжан Қасымбайқызы Ахметова

ауданның орталық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Жарма ауданы әкімінің
2008 жылғы 10 желтоқсанындағы
№ 11 шешіміне 2-қосымша

Аудандық аурухананың дәрігер мамандарының әскери тіркеуге
және әскерге шақыру комиссиясының штаттан тыс құрамы:

1. Әділғазы Свамбайұлы Қорабаев

аудандық орталық аурухананың хирургі

2. Жұлдыз Қасымбекұлы Қасымбеков

аудандық орталық аурухананың отолорингологы

3. Гүлжан Әлиясқызы Мәкенова

аудандық орталық аурухананың дермотологы

4. Жұлдыз Ғалымбекқызы Сәбитова

аудандық орталық аурухананың көз дәрігері

5. Ләтипа Сағымбекқызы Сағымбекова

аудандық орталық аурухананың терапевті

6. Мұстафа Қазетайұлы Жармұхамбетов

аудандық орталық аурухананың психиатры аурухананың невропотологы

7. Шалқар Тәңірбергенұлы Нұртазин

аудандық орталық аурухананың тіс дәрігері

8. Айгүл Жанахметқызы Томпақаева

аудандық орталық аурухананың фтизиаторы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады