Ұлан ауданы бойынша мүгедектердің жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 561 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 21 наурызда N 5-17-78 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 наурыздағы N 681 қаулысымен

      Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 30.03.2013 N 681 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1-ші тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2 тармақшасына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы № 419 "Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» (тіркеу нөмері 2411) қаулысын басшылыққа ала отырып, мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлан ауданының жұмыс берушілеріне мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орынының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ұлан аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң өз күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі              М.Музапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады