Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Мемлекеттік орман қоры телімдеріндегі орманды пайдаланған үшін төлемдер мөлшері туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 6-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 16 мамырдағы N 7-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 20 мамырда N 3008 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 11 ақпандағы N 11-15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009.02.11 N 11-15 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Мемлекеттік орман қоры телімдеріндегі орманды пайдаланған үшін төлемдер мөлшері туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 6-10 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылы 3 наурызда N 3002 тіркелген, "Приуралье" газетінде 2008 жылғы 8 наурыздағы N 29-30 және "Орал өңірі" газетінде 2008 жылғы 13 наурыздағы N 31 жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
      3 тармақ "мемлекеттік тіркеуден кейінгі" деген сөздер "алғашқы ресми жарияланған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады