Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2009.04.10 N 48 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Орал қаласында 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылырдың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Орал қаласының тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2009 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары Қ. М. Ақболатовқа жүктелсін.
Қала әкімінің міндетін атқарушы