Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.11.03 N 323-ө Бұйрығымен.
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттары бекітілсін.
2. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті (Манабаева Қ.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Г.А. Ділімбетоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сапарбаев
"КЕЛІСІЛДІ" "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі Білім және ғылым министрі
____________ Ж. Досқалиев ____________ Ж. Түймебаев
30 қаңтар 2009 жыл 3 ақпан 2009 жыл
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 26 қаңтардағы
№ 26-ө бұйрығымен бекітілген
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты
Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) - "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт психо-неврологиялық патологиясы бар балаларға (бұдан әрі - балалар) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерге (бұдан әрі - арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілер) қолданылады.
3. Осы Стандартта балаларға, олардың жеке қажеттіліктері ескеріле отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері, көлемі мен оларды көрсетудің шарттары белгіленген.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілер
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерге:
1) балалардың стационар жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған медицниалық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйым);
2) балалардың күндізгі болуына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйым);
3) балаларға үйде қызмет көрсетуге арналған, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жатады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілердің бұл тізбесі түпкілікті болып табылмайды.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер өздерінің нысанына қарай:
1) балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай, олардың тұрмыстағы тыныс-тіршілігін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге;
2) баланың жеке жай-күйін ескере отырып, балалардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерге;
3) балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың психологиялық жай-күйін түзеуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге;
4) балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілетін ескере отырып, білім алудағы қажеттіліктері ерекше балаларды педагогикалық түзеуге және оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес балалардың өмір сүру деңгейін қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтерге;
6) құқықтық мәртебесін қолдауға немесе өзгертуге, заңгерлік көмек көрсетуге, балалардың заңды құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтерге бөлінеді.
6. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің тізбесі:
1) стационарлық үлгідегі ұйымдарды қоспағанда, барлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету басымдықтарын алуға жәрдемдесу.
2) стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін:
оңалту және емдеу іс-шараларын, еңбекпен емдеу және оқу қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін тұрғынжай, оның ішінде бір балаға кемінде 4 шаршы метр жатын бөлмелерін, жиһаз, орынжай, мамандандырылған жабдықтар беру;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен табиғи нормаларға сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса, тамақ ұсыну;
осы Стандартқа қоса берілген нормаларға сәйкес жұмсақ инвентарь беру (киім, аяқ киім, ішкиім мен төсек жабдықтарын) беру;
емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысу үшін балаларды тасымалдау кезінде көлік беру;
салт-дәстүр қызметтерін ұйымдастыру (қайтыс болған балалардың туыстары болмаған немесе олар жерлегісі келмеген кезде);
денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе ыдысты пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз балаларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
хат жазуға және оқуға көмек көрсету.
3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:
оңалту және емдеу іс-шараларын, еңбекпен емдеу және оқу қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін орынжайлар мен жиһаз беру;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген нормаларға сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса, ас әзірлеу және беру;
осы Стандартқа қоса берілген нормаларға сәйкес жұмсақ инвентарь беру (киім, аяқ киім, ішкиім мен төсек жабдықтарын) беру;
емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысу үшін балаларды тасымалдау кезінде көлік беру.
4) үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері көрсететін:
жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық (төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе ыдысты пайдалану, үйде және үйден тыс жерде қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу) қызметтерді көрсету;
үйден тыс жерде ілесіп жүру.
7. Әлеуметтік-медициналық қызметтердің тізбесі:
1) барлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік-медициналық қызметтерді алуға көмек көрсету;
дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету;
дәрігерлердің қорытындысы бойынша емдік заттармен және медициналық нысандағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
денсаулығына байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі қабылдау, тамшыларды тамызу және тағы басқа);
емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;
емдеу-еңбек қызметін ұйымдастыру;
шұғыл медициналық-психологиялық көмекті ұйымдастыру;
медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сипаттағы оңалту іс-шараларын жүргізу;
протез-ортопедиялық және есту-протез көмегін алуға жәрдемдесу;
әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, психосексуалдық даму және басқалары) консультация беру;
жасына қарай бейімделу мәселелерін шешу үшін санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу;
2) стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін:
медициналық-әлеуметтік зерттеп тексеруді жүргізу;
алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық өңдеу жүргізу;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
шұғыл медициналық-психологиялық көмекті ұйымдастыру;
тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге жәрдемдесу;
ауруханаға жатқызу, дәрігерлердің қорытындысы бойынша санаторлық-курорттық емдеуге жіберуге жәрдемдесу (оның ішінде жеңілдікті шарттармен);
медициналық қызметке лицензиясы болса, емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін өңдеу; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, катетерді және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету);
балалар денсаулығының жай-күйін ескере отырып, күтімді, оның ішінде санитарлық гигиеналық қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету (ысқылау, жуындыру, гигиеналық бұлаулар, тырнағын алу, шашын тарау);
денсаулығының жай-күйін қадағалау (дене ыстығын, артериалдық қысымын өлшеу);
медициналық көрсетілімдер мен балалардың жас ерекшеліктеріне қарай "денсаулық топтарын" қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру;
3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:
балаларды кезеңдік медициналық-әлеуметтік зерттеп тексеру (қажет кезінде, денсаулық сақтау қызметкерлерін тарта отырып) және оңалтудың медициналық бөлігінің жеке жоспарын әзірлеу;
дәрігерге дейінгі көмекті уақытында көрсету;
ауру балалардың туыстарын оларды жалпы күтудің практикалық дағдыларына үйрету;
денсаулығының жай-күйін қадағалау (дене ыстығын, артериалдық қысымын өлшеу);
дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (барынша абайлап және сақтықпен);
емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;
ауруханаға жатқызуды жедел ұйымдастыру және денсаулық сақтау ұйымдарына барғанда балаларға ілесіп жүру;
ауру балалардың туысқандарын оларға жалпы күтімнің практикалық дағдыларына үйрету;
4) үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері көрсететін:
дәрігерге дейін шұғыл көмек көрсету, үйге дәрігер шақырту және денсаулық ұйымдарына барғанда қызмет көрсетілетін балаларға ілесіп жүру;
медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
оңалту іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу;
мұқтаж балаларға сауықтыру қызметтерін көрсетуге және оларды санаторлық-курорттық емдеуге жіберуге жәрдемдесу;
оңалту іс-шараларын үй жағдайында жүргізу үшін отбасы мүшелеріне медициналық-психологиялық және әлеуметтік-медициналық білім негіздерін үйрету.
8. Әлеуметтік-психологиялық қызметтердің тізбесі:
1) барлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:
әлеуметтік-психологиялық және психологиялық консультация беру;
психологиялық түзеу;
психотерапиялық көмек;
психологиялық тренингтер;
шұғыл психологиялық (оның ішінде телефон бойынша) және медициналық-психологиялық көмек;
2) стационарлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:
психологиялық диагностика және адамды зерттеп тексеру;
шұғыл психологиялық және медициналық-психологиялық көмек;
өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу.
3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:
әлеуметтік-психологиялық және психологиялық консультация беру;
психологиялық түзеу;
психотерапиялық көмек;
психологиялық тренингтер;
шұғыл психологиялық (оның ішінде телефон бойынша) және медициналық-психологиялық көмек;
4) үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері көрсететін:
психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
өмірлік тонусын психологиялық қолдау;
әлеуметтік-психологиялық патронаж.
9. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтердің тізбесі:
1) барлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:
әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
педагогикалық түзеу;
анимациялық қызметтер (саяхат, театрға, көрмелерге, көркем өнерпаздар концерттеріне бару, мерекелер, мерейтойлар мен басқа да мәдени іс-шаралар), балаларды қызығушылығын қалыптастыру және дамыту үшін клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттерін ескере отырып білім алуына жәрдемдесу;
әлеуметтік-еңбекпен оңалтуға байланысты қызметтер: қалған еңбек мүмкіндіктерін пайдалану, емдеу-еңбек қызметіне қатысуға жағдай жасау;
қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету, жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
есту қабілетінің бұзылушылығы бар балаларды, олардың ата-анасы мен басқа да мүдделі адамдарды ымдау тіліне үйретуді ұйымдастыру;
2) стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін:
әлеуметтік-педагогикалық диагностика және зерттеп тексеру;
балалар мен жасөспірімдерді олардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттеріне қарай оқытуды ұйымдастыру;
балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен және ақыл-ес қабілеттеріне қарай, балалардың білім алуына жәрдемдесу;
анимациялық қызметтер (саяхат, театрға, көрмелерге, көркем өнерпаздар концерттеріне бару, мерекелер, мерейтойлар мен басқа да мәдени іс-шаралар), балаларды қалыптастыру және олардың қызығушылығын дамыту үшін клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыстағы және қоғамдық орындарындағы өзін ұстауды, өзін өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
тұрмыстық бағдарлану (ас әзірлеу, киім жөндеу, тұрғын жайды күту және т.б.) және қол еңбегі машығы негіздеріне үйрету;
қолынан келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер;
3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:
әлеуметтік-педагогикалық диагностика және балаларды зерттеп тексеру;
балалар мен жасөспірімдерді олардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттеріне қарай оқытуды ұйымдастыру;
анимациялық қызметтер (саяхат, театрға, көрмелерге, көркем өнерпаздар концерттеріне бару, мерекелер, мерейтойлар мен басқа да мәдени іс-шаралар), балаларды қалыптастыру және олардың қызығушылығын дамыту үшін клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыстағы және қоғамдық орындарындағы өзін ұстауды, өзін өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
тұрмыстық бағдарлану (ас әзірлеу, киім жөндеу, тұрғын жайды күту және т.б.) және қол еңбегі машығы негіздеріне үйрету;
қолынан келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
қалған еңбек мүмкіндіктерін пайдалануға, емдеу-еңбек қызметіне қатысуға жағдай жасау; қол жетімді кәсіптік дағдылар үйрету, жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
кәсіптік бағдарлануын ұйымдастыру балалардың дене және ақыл-ес мүмкіндіктеріне сәйкес мамандық алуына жәрдемдесу;
есту қабілетінің бұзылушылығы бар балаларды, олардың ата-анасы мен басқа да мүдделі адамдарды ымдау тіліне үйретуді ұйымдастыру;
ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер;
4) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері көрсететін:
балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуге және олардың арнаулы бағдарламалар бойынша білім алуына жағдай жасауға жәрдемдесу;
балалардың кәсіптік білім алуына жағдай жасауға жәрдемдесу;
балаларды үй шаруашылығы негіздеріне (ас әзірлеу, киім жөндеу, тұрғын жайды ұстау және т.б.) үйретуге жәрдемдесу;
мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер мен олардың отбасы мүшелерінің үйде еңбек етуін ұйымдастыруға жәрдемдесу;
балаларды өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстағы және қоғамдық орындарындағы өзін ұстауға, өзін өзі бақылауға, қарым-қатынас дағдыларына және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарына үйрету;
балалардың ата-аналарына оларды үй жағдайында оңалтудың негіздерін үйрету;
10. Әлеуметтік-экономикалық қызметтердің тізбесі:
1) барлық үлгідегі ұйымдар жағдайында (стационарлық үлгіні қоспағанда) көрсетілетін:
тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және басқа да төлемдерді алуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;
мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың өзін өзі қамтамасыз ету, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, үй кәсіпшілігі мәселелері бойынша, материалдық жағдайын жақсартудың басқа да мәселелері бойынша консультация беру.
2) стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін:
тиісті жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу.
12. Әлеуметтік-құқықтық қызметтердің тізбесі:
1) барлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:
балалардың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер алу құқығымен және өздерінің мүддесін қорғаумен байланысты мәселелер бойынша консультация беру;
арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынушы немесе балалардың, олардың ата-аналарының заңды құқығына қысым көрсетуші ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
балалар мен олардың отбасыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды іске асыру үшін құжаттар ресімдеуге көмек көрсету;
заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
нотариалды расталған сенімхат бойынша жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді алу;
балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғауға және сақтауға, тәрбиелеуге құқықтық көмек, оның ішінде, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайларда қамқорлық көрсету;
2) стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін:
құқығы мен мүддесін қорғау үшін сотта өкілдікті қамтамасыз етуге;
жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды асырап алуға және отбасылық тәрбиенің басқа да нысандарына құжаттарды ресімдеуде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету;
3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін:
балалардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөнінде консультация беру;
адвокаттың тегін көмегін алуға, заңнамада белгіленген тәртіппен жәрдемдесу;
4) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері көрсететін:
отбасында балаларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған дене және психологиялық зорлыққа кінәлілерді қылмыстық жауапқа тартуға жәрдемдесу;
қамқоршы және қорғаншы органдарға кәмелетке толмаған, әлеуметтік оңалтуға мұқтаж балаларды асырап алуға, қамқоршылыққа, қорғаншылыққа, қабылдаушы отбасына, әлеуметтік қызмет көрсетуші субъектілерге орналастыруға жәрдемдесу;
кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға балаларының тәрбиесінен жалтарған ата-аналардың үстінен ұсынымдар ресімдеу және баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
жұмысқа орналасу, төлқұжат және заңды маңызы бар басқа да құжаттар алу үшін құжаттарды ресімдеуде заңгерлік көмек көрсетуге жәрдемдесу;
балалар мен жасөспірімдерді (қажетіне қарай) стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға жіберу үшін құжаттарды ресімдеуде көмек көрсету.
13. Арнаулы әлеуметтік қызметтер осы Стандартқа сәйкес көлемдерде ұсынылады.
Әлеуметтік қорғау саласында арнаулы
әлеуметтік қызметтерді көрсету
стандартына қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету көлемдері
1. Стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған киім кию мен жұмсақ инвентарьды пайдалану нормалары мен мерзімдері
N | Атауы | Өлшем бірлігі | Норма | Кіиу мерзімі (жыл) |
---|---|---|---|---|
Киім, ішкиім және аяқ киім |
||||
1 |
Пальто, куртка |
дана |
1 |
3 |
2 |
Жадағай, жел өткізбейтін күрте |
дана |
1 |
2 |
3 |
Жүн матадан тігілген костюм |
дана |
3 |
|
4 |
Мақта матадан тігілген костюм |
дана |
1 |
|
5 |
Спорттық костюм, трико |
дана |
1 |
1 |
6 |
Шалбар, джинсы |
дана |
3/4 |
1 |
7 |
Көйлек, сарафан, халат |
дана |
3/4 |
1 |
8 |
Жүн матадан тігілген юбка |
дана |
1 |
3 |
9 |
Мақта матадан тігілген юбка |
дана |
3/4 |
1 |
10 |
Мақта матадан тігілген блузка |
дана |
2 |
1 |
11 |
Свитер, жекет, жемпір, кофта, трикотаж жаймадан тігілген желет |
дана |
1 |
2 |
Ішкиім |
||||
12 |
Мақта матадан тігілген кеудеге киетін жейде |
дана |
3/4 |
1 |
13 |
Түнде киетін жейде, пижама |
дана |
2/3 |
1 |
14 |
Трусы, панталондар |
дана |
6/4 |
1 |
15 |
Майка, футболка |
дана |
2 |
1 |
16 |
Мақта матадан және иілімді трикотаж жаймадан тігілген киім-кешек бұйымы (бюстгальтер) |
дана |
2 |
1 |
17 |
Вафли тәрізді сүлгілер |
4 |
1 |
|
18 |
Махер сүлгілер |
2 |
1 |
|
Орамал-мойын орауыш бұйымдар мен бас киімдер |
||||
19 |
Мойын орауыш |
дана |
1 |
1 |
20 |
Бөрік, берет |
дана |
1 |
2 |
21 |
Панама, фуражка, күнқағар |
дана |
1 |
1 |
22 |
Әйелдердің бас орамалы |
дана |
1 |
1 |
23 |
Тақия |
дана |
1 |
2 |
24 |
Қолғап, биалай |
дана |
1 |
1 |
Ұйық, шұлық |
||||
25 |
Колготки, шұлық |
дана |
6 |
1 |
26 |
Ұйық, қысқа шұлық |
дана |
6/12 |
1 |
27 |
Гамаштар (рейтуздар), кальсондар |
дана |
1 |
1 |
Аяқ киім |
||||
28 |
Қысқы етік, киізден тігілген аяқ киім |
дана |
1 |
2 |
29 |
Пима |
дана |
1 |
2 |
30 |
Маусымдық етік |
дана |
1 |
2 |
31 |
Қысқа етік |
дана |
1 |
2 |
32 |
Бәтеңке, ерлерге арналған туфли |
дана |
1 |
1 |
33 |
Қысқа бәтеңке |
дана |
1 |
2 |
34 |
Жалаңаяқ киетін аяқ киім, әйелдер туфлиі |
дана |
1 |
1 |
35 |
Сандалилар |
дана |
1 |
1 |
36 |
Спорттық аяқ киім |
дана |
1 |
1 |
37 |
Бөлмеде киетін тәпішке |
дана |
3/4 |
1 |
38 |
Сланцы |
дана |
1 |
1 |
Төсек-орын жабдықтары |
||||
39 |
Ақ жайма |
дана |
3 |
1 |
40 |
Сейсеп |
дана |
3 |
1 |
41 |
Жастық тыс |
дана |
4 |
1 |
42 |
Матрац (оның ішінде басылып қалмайтын матрац) |
дана |
1 |
2 |
43 |
Жастық |
дана |
1 |
2 |
44 |
Көрпе |
дана |
1 |
2 |
45 |
Жамылғы |
дана |
1 |
4 |
Ескертпе: 6, 7, 9, 12, 13, 14, 26, 37 тармақтардағы бірінші сан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған кию нормасын көрсетеді, екінші сан – 14 жастан жоғары және үлкен балаларға арналған.
2. Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардың сабақ өткізу ұзақтығының нормативтері
Түзету сабақтарының ұзақтығы балалардың дағдыларының деңгейіне, олардың танымдық қызметі мен жас ерекшеліктеріне қарай құрылады:
балалардың әлеуметтік дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметі ең төмен деңгейде болғанда - сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейін жүргізіледі;
әлеуметтік дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметі төмен деңгейде болғанда - сабақтың ұзақтығы 20 минутқа дейін жүргізіледі;
әлеуметтік дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметі шамалы деңгейде болғанда - сабақ 30 минутқа дейін өткізіледі;
әлеуметтік дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметі көп төмендемеген деңгейде болғанда - сабақтың ұзақтығы 45 минутқа дейін жүргізіледі.
Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытын дефектолог (арнайы педагог), тәрбиеші балаларды оқу жоспарының бағдарламасына және әзірленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындармен өткізеді.
3. Стационарлық үлгідегі ұйымдардағы ең төменгі штаттық персонал нормативтері
N/N | Лауазым атауы | 50 балаға дейін | 50-100 бала | 101- 150 бала | 151- 200 бала | 201- 250 бала | 251- 300 бала | 301- 400 бала |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 |
Директор |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
Әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
3 |
Медициналық бөлімшенің меңгерушісі |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
4 |
Бас бухгалтер |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
5 |
Бухгалтер-экономист |
0,5 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
6 |
Бухгалтер |
1,5 |
1,5 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
7 |
Кадрлар жөніндегі инспектор |
0,5 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
8 |
Шаруашылық меңгерушісі |
0,5 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
9 |
Қойма меңгерушісі |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
10 |
Жабдықтау жөніндегі агент |
0,5 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
11 |
Секретарь-референт |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
12 |
Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары |
0,5 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
13 |
Кітапханашы (кітапхана болғанда) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
14 |
Автомобиль жүргізушісі |
1 көлік құралына - 1 |
||||||
15 |
Киім және ішкиімді жуу жөніндегі машинист |
1 |
1,5 |
2 |
2,5 |
3 |
5 |
7 |
16 |
Киім мен ішкиімді жөндеу жөніндегі тігінші |
0,5 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
2 |
17 |
Аула сыпырушы (Әкім бекітетін тазаланатын алаңның нормалары бойынша) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
18 |
Бақшашы (тазаланатын алаң 0,75 га кем емес) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
19 |
Ғимаратқа ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (ағаш шебері) |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
2 |
20 |
Электрлі газбен дәнекерлеушілер |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
21 |
Вахтер |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
22 |
Қазақ тілінің аудармашысы, |
Ұйымға 1 лауазым |
||||||
23 |
Лифтер (лифт болғанда) |
1 лифтке - 1 |
||||||
24 |
Слесарь - сантехник |
0,5 |
0,5 |
1 |
1 |
1 |
1,5 |
2 |
25 |
Қосалқы жұмысшы |
0,5 |
0,5 |
1 |
1 |
1 |
1,5 |
2 |
26 |
Электр монтері |
0,5 |
0,5 |
1 |
1 |
1 |
1,5 |
2 |
27 |
Жылу желілерін жөндеу жөніндегі слесарь |
0,5 |
0,5 |
1 |
1 |
|||
28 |
Дезинфектор |
|||||||
29 |
Тракторшы (трактор болғанда) |
1 көлік құралына 1 тракторшы |
||||||
30 |
От жағушылар, көмекші жұмыскерлер (күл шығарушылар) және қазандықтың басқа да жұмыскерлері |
Жұмысшылардың саны мазут немесе газбен жұмыс істейтін әрбір стационарлық қазандыққа 2 адам, көмірмен жұмыс істейтін әрбір стационарлық қазандыққа 3 адам, 1 электрлік қазандыққа - 0,5 есебінен белгіленеді |
||||||
31 |
Заңгер |
Мекемеге 1 бірлік |
||||||
Ас үй мен асхананың штаттық нормативтері |
||||||||
50 балаға дейін |
50 - |
101 - |
151 - |
201 |
251 - |
300 - |
||
32 |
Бас аспазшы |
1 |
1 |
1 |
1 |
|||
33 |
Аспазшы |
1 |
2 |
3 |
4 |
4 |
5 |
7 |
34 |
Ыдыс жуушы |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1,5 |
2 |
35 |
Жеміс-көкөністерді және картопты тазалаушы |
1 |
1 |
2 |
2 |
3 |
3,5 |
4 |
36 |
Нан кесуші, ас үй жұмысшысы |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
||
37 |
Буфетші санитар |
1 |
2 |
2 |
3 |
3 |
4 |
4 |
38 |
Азық-түлік қоймасының меңгерушісі |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
Медициналық персоналдың штаттық нормативтері |
||||||||
39 |
Педиатр дәрігер |
1 |
1 |
1,5 |
2 |
2 |
2 |
3 |
40 |
Невропатолог дәрігер |
1 |
1 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
2 |
41 |
Психиатр дәрігер (психотерапевт) |
1 |
1 |
1,5 |
2 |
2 |
2 |
2 |
42 |
Диетолог дәрігер (мейірбике) |
0,5 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
43 |
Физиотерапевт дәрігер (физиокабинет болғанда) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
44 |
Стоматолог дәрігер (стоматология кабинеті болғанда) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
45 |
Зертханашы дәрігер (зертхана болғанда) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
46 |
Функционалды диагностика кабинетінің дәрігері (кабинет болғанда) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
47 |
Аға мейірбике |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
48 |
Зертханашы |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
49 |
Стоматологиялық кабинеттің мейірбикесі |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
50 |
Функционалдық диагностика кабинетінің мейірбикесі |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
51 |
Физиокабинетінің мейірбикесі (10 мың шартты бірлікке) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
52 |
Мейірбике (50 төсекке арналған тәулік бойғы пост) |
1 тәулік бойғы постқа – 5,25; |
||||||
53 |
Массаж жасау жөніндегі мейірбике |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
3 |
4 |
54 |
Шаруашылық бикесі |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
55 |
Палата санитары |
Топқа 4 бірлік |
||||||
56 |
Күту жөнінде санитар |
Жататын науқастар үшін 6 төсек орынға |
||||||
57 |
Тазалаушы санитар |
тазаланатын алаңның 250 шаршы метріне 1 бірлік |
||||||
58 |
Ванна санитары |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
6 |
59 |
Дәріхана меңгерушісі (дәріхана болғанда) |
0,5 |
1 |
1 |
1 |
1 |
||
60 |
Фармацевт |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
||
61 |
Дәрігер |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
1 |
Оқу-көмекші персоналдың штаттық нормативтері |
||||||||
62 |
Психолог |
1 |
1 |
1,5 |
2 |
2 |
2 |
3 |
63 |
Логопед |
1 |
1 |
1,5 |
2 |
2 |
2 |
4 |
64 |
Әдіскер |
стационарға 1 бірлік және күндізгі бөлімшеге 1 бірлік |
||||||
65 |
Дефектолог мүғалім (арнайы педагог) |
топқа 1 лауазым |
||||||
66 |
Тәрбиеші |
топқа 1,5 лауазым |
||||||
67 |
Музыкалық жетекші |
4 топқа 1 лауазым |
||||||
68 |
Қимыл жөніндегі маман |
тірек-қозғалыс аппараты функциялары немесе ауыр интеллектуалды бұзылулары бар 6 балаға 1 лауазым; орташа білінетін интеллектуалды бұзылуы бар 8 балаға 1 лауазым. |
||||||
69 |
Сенсорлық дағдыларды дамыту жөніндегі дефектолог мұғалім (арнайы мұғалім) |
тірек-қозғалыс аппараты функциялары немесе ауыр интеллектуалды бұзылулары бар 6 балаға 1 лауазым; орташа білінетін интеллектуалды бұзылуы бар 8 балаға 1 лауазым. |
||||||
70 |
Дене шынықтыру мұғалімі |
4 топқа 1 лауазым |
||||||
71 |
Еңбек жөніндегі инструктор |
12 баладан тұратын топқа 2 маман |
||||||
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері |
||||||||
72 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман |
50 балаға 1 лауазым |
||||||
73 |
Шаштараз (жабдықталған шаштараз болғанда) |
100 және одан көп қамқорлықтағыларға 1 лауазым есебімен |
||||||
74 |
Қауіпсіздік қызметі |
1 тәулік бойғы постқа 4,5 штаттық бірлік |
Ескертпе: Әкімшілік-шаруашылық персоналы мен ғимаратқа қызмет көрсету жөніндегі персоналды ұстап отыру шығыстары 1 бірлік бағасының есебіне кіргізілмеген.
43-46-тармақтарда - балаларға жоғары білікті консультациялар өткізу үшін басқа медициналық мекемелерден мамандар шақыруға рұқсат беріледі.
61-тармақта - бұл лауазымға қажеттігіне қарай кез келген дәрігерді не басқа консультант дәрігерлерді алуға болады.