"Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздығы N 227-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 63-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5607 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 15 тамыздағы № 208-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.08.15 № 208-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы N 227-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 4979 тіркелген, 2007 жылғы 16 қарашада "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кірме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастыруға рұқсат беру ережесінде:
      1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган";
      5-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) магистральдық темір жол желісі операторының кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат берудің мақсаттылығы (мақсатсыздығы) туралы қорытындысымен кірме жолдарды жалғастыруға арналған техникалық талаптары";
      8) тармақша алып тасталсын;
      7 және 8-тармақтар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Кірме жолдарды жалғастырудан бас тартуға:
      1) осы Ережеге сәйкес талап етілетін қажетті құжаттарды табыс етпеу немесе толық көлемде табыс етпеу, сондай-ақ табыс етілген құжаттардың осы ереженің 6-тармағының талаптарына сәйкес болмауы;
      2) техникалық жағынан жалғастырудың мақсатсыздығы негізі болып табылады.".
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Г.К. Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                 Н. Алдабергенов

       КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      ___________________ Ә. Құсайынов
      2007 жылғы 4 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады