Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 33 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2009 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5618 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5165 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 174 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5397 тіркелген) енгізілген толықтыру мен өзгеріспен бірге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесінде:
      5-тармақтың үшінші абзацында "экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары немесе орташа ауыр қылмыстары, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін" деген сөздер алынып тасталсын;
      13-тармақ мынадай мазмұндағы он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесін алу бойынша талаптар көрсетілген қаржы ұйымы қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) шарт аясында немесе басқа жолмен қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігінің болуы) арқылы қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленді деп танылған (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) шарт аясында немесе басқа жолмен қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар) тұлғаға таралмайды.
      Қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесін алу бойынша талаптар өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын және осы қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) шарт аясында немесе басқа жолмен қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігінің болуы) арқылы қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленген (дауыс беруге, шарт аясында немесе басқа жолмен қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаға таралмайды.";
      2-қосымшаның 5-тармағында "Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары немесе орташа ауыр қылмыстары, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Төрайымның орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                    Е.Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады