Білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 145 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 27 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5647 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 04 шілдедегі № 258 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2013 № 258 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 10-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілік талаптары;
      2) білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің аттестаттау ережесі бекітілсін.
      2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Орта (М.Т. Санатова), техникалық және кәсіптік (Қ.Қ. Бөрібеков), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (С.М. Өмірбаев) департаменттері осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 21 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Ж. Түймебаев

          "КЕЛІСІЛДІ"                      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы               Қазақстан Республикасы
        Еңбек және халықты                Денсаулық сақтау министрі
    әлеуметтік қорғау министрі
   _____________ Г. Әбдіқалықова           __________ Ж. Досқалиев
         2009 жыл 03 сәуір                    2009 жыл 06 сәуір

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 30 наурыздағы  
N 145 бұйрығымен бекітілген

Білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы біліктілік талаптары білім беру саласындағы төмендегі әлеуметтік қызметкерлерге қойылады:
      1) білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      2) білім беру саласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
      2. Әлеуметтік қызметкер:
      Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Білім туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Неке және отбасы туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;
      арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
      арнайы педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс негіздерін білуге тиіс.
      3. Білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер біліктілігіне қойылатын талаптар:
      жоғары кәсіби білім (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық, бейіндер бойынша) немесе арнаулы әлеуметтік қызмет ұсыну бойынша мамандандыру/магистратура.
      4. Білім беру саласындағы үйде әлеуметтік қызмет көрсету бойынша әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
      техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім (әлеуметтік жұмыс, педагогикалық, психологиялық, медициналық бейіндер бойынша).

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 30 наурыздағы  
N 145 бұйрығымен бекітілген

Білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттаудың тәртібін айқындайды.
      2. Білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттауға білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер (бұдан әрі – аттестатталушы тұлға) жатады.
      3. Аттестаттау білім беру жүйесін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы қазіргі заманға теориялық және практикалық әдістерді білетін жоғары біліктілікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
      4. Аттестаттау бес жылдың ішінде бір рет өткізіледі, бұл ретте бала күтімі бойынша демалыста жүрген әлеуметтік қызметкерлер қызметке шыққаннан кейін, кемінде алты айдан кейін ғана аттестатталады.
      5. Аттестаттау мыналарды:
      1) тестілеуді;
      2) әңгімелесуді қамтиды.
      6. Білім беру саласындағы үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкерді аттестаттау әңгімелесу түрінде жүргізіледі.

2. Аттестаттауды тапсыру үшін ұсынылатын құжаттар

      7. Аттестаттауды тапсыру үшін аттестатталушы тұлға мемлекеттік жергілікті білім басқармаларына, облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың) (бұдан әрі – жергілікті орган) келесі құжаттарды тапсырады:
      1) өтініш;
      2) кадрларды есепке алу парағы;
      3) нотариуспен расталған білімі туралы дипломының көшірмесі;
      4) ұйымның кадр бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі.

3. Аттестаттауды өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

      8. Аттестаттау жұмыстарын ұйымдастыру үшін жергілікті орган тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын құрады (бұдан әрі – Комиссия).
      9. К омиссия құрамы кемінде бес адамнан құралған мүшелерден және хатшысынан тұрады. Комиссияны Төраға басқарады. Комиссия Төрағасы оның қызметін басқарады, оның отырыстыранда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссияның қызметі мен қабылдаған шешімдеріне жауапты болады.
      10. Комиссия құрамына арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелеріне жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, әдістемелік қызмет, ғылыми ұйымдар мамандары, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің өкілдері кіреді.
      11. Комиссияның хатшысы комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
      12. Аттестатталушы тұлға дәлелді себеп бойынша комиссия отырысына келе алмаған жағдайда оны аттестаттау жөніндегі мәселе комиссия көрсеткен мерзімге ауыстырылады.
      Аттестатталушы тұлға дәлелсіз себеппен комиссия отырысына келе алмаған жағдайда аттестатталмаған болып есептеледі.
      13. Аттестаттау комиссиясының отырысы егер оның құрамының үштен екі бөлігі оған қатысса заңды болып есептеледі.
      14. Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен анықталады. Дауыс тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.
      15. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру бойынша есептеледі.
      16. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырыс хаттамасымен ресімделіп, төрағамен, отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері және хатшысы қол қояды.
      17. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Тестілеуді өткізу

      18. Тестілеу аттестатталушы тұлғаның таңдауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталушы тұлғаның қатысуымен жүргізеді. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады. Тестілеудің нәтижесі 1 жылға дейін жарамды.
      19. Тестілеу жергілікті орган бекіткен 80 сұрақтан тұрады.
      20. Тестілеу бойынша 50-ден кем балл жинаған аттестатталушы тұлға әңгімелесуге жіберілмейді және қайта аттестаттауға жатады.

5. Әңгімелесуді өткізу

      21. Аттестатталушы тұлғаға қойылатын сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның құзыреттілігі деңгейін анықтауға бағытталуы тиіс.
      22. Әңгімелесу нәтижесі бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын қызметіне лайықты;
      2) қайта аттестаттауға жатады.

6. Қайта аттестаттау

      23. Аттестатталушы тұлғаны қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан кейін, осы Ережеде айқындалған тәртіппен өткізіледі.
      24. Комиссия қайта аттестаттаудың нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын қызметіне лайықты;
      2) атқаратын қызметіне лайықты емес.

7. Қорытынды ресімдер

      25. Комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге кәсіби даярлығының деңгейін растайтын, осы Ереженің қосымшасына сәйкес үлгідегі сертификат беріледі.
      26. Білім беру саласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкерге хаттаманың шешімінің көшірмесі беріледі.
      27. Білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге берілген сертификат берілген күннен бастап Қазақстан Республикасының аумағында 5 жылға дейін жарамды. Осы уақыт өткеннен кейін білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге берілген сертификаттың күші жойылады.

Білім беру саласындағы арнаулы  
әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті
бағалау және айқындау жөніндегі  
әлеуметтік қызметкерді аттестаттау
ережесіне қосымша        

        ___ _______________________________________________
                   (уәкілетті органның атауы)

                     Сертификат N _________

20__ жылғы "___" ____________ аттестаттау комиссиясының шешімімен
N ________ хаттама,
Т. А. Ә. _________________________________________________________
   арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау
     жөніндегі әлеуметтік қызметкер лауазымы бойынша аттестатталды

Аттестаттау
комиссиясының төрағасы: __________________________________________
                                   (Т. А. Ә., қолы)
Комиссия мүшелері: _______________________________________________
                                  (Т. А. Ә., қолы)
                   _______________________________________________
                                  (Т. А. Ә., қолы)
                   _______________________________________________
                                  (Т. А. Ә., қолы)
                   _______________________________________________
                                  (Т. А. Ә., қолы)

      М.О.

Елді мекен ____________________ күні "___" ___________ 20___ ж.
     (қала, облысты көрсету керек)

                            Тіркеу N ______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады