Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 62 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5652 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4138 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4364 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 74 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4653 тіркелген), "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2007 жылғы шілде-тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 171 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4843 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 236 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5530 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды  ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:
       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - клиент үшін және оның бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот;
      2) ислам бағалы қағаздары – ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;
      3) мәлімденген бағалы қағаздардың есебін алуға арналған эмитенттің жеке шоты - орналастырылмаған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитент үшін ашылған пайларды қоспағандағы жеке шот;
      4) номиналды ұстаушының жеке шоты - номиналды ұстаушы үшін ашылған және оның клиенттерінің бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот;
      5) номиналды ұстаушының есебі жүйесіндегі операция - номиналды ұстаушының есебі жүйесіне деректерді енгізу (өзгерту) және (немесе) номиналды ұстаушының есебі жүйесін құрайтын ақпаратты дайындау және ұсыну нәтижесі болып табылатын номиналды ұстаушы іс-әрекетінің жиынтығы;
      6) операциялық күн - осы кезең ішінде номиналды ұстаушы қабылдау өткізеді, бұйрықтарды өңдейді, жеке шот және ақпараттық операция бойынша операцияларды тіркейтін уақыт кезеңі;
      7) "репо" операциясы - тараптары екі бірдей тұлғалар болып табылатын ("репо" операциясына қатысушылар), "репо" операциясының мәні бір шығарылымның бағалы қағаздарымен жасалған орындалу мерзімі бойынша ерекшеленетін және бағыттары бойынша бір-біріне қарама-қарсы, бір уақытта жасаған екі мәміленің жиынтығы;
      8) уәкілетті орган - бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      9) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздардың есебін алуға арналған жеке шоты - қайталама бағалы қағаздар рыногында эмитент сатып алған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитентке ашылған, пайларды қоспағандағы жеке шоты.";
       34-тармақтың 6) тармақшасы "облигацияларды" деген сөзден кейін "(ислам бағалы қағаздарды)" деген сөздермен толықтырылсын;
       1-қосымшаның екінші кестесінің бесінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

"     

Облигацияларды (ислам бағалы қағаздарды) өтеу күні

                   ".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                   Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады