Жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 68 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5660 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 77 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.05.2015 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 61-2-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.
       1. Ұсынылып отырған Жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.
      2. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Банктерді қадағалау департаменті (Бөбеев М.С.):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                        Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы 27  
наурыздағы N 68 қаулысымен   
бекітілген          

Жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру ережесі

      Ескерту. Ереженің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.

      Осы ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Заң), "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді және жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операциялар (бұдан әрі - операция) банк кредиторлары мен депозиторларының құқығын қорғау үшін жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.
      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) иеленуші банк - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөнінде шарт жасалған басқа банк;
      2) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) Жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы бөлігіндегі не толық мөлшердегі банктің міндеттемелері - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің міндеттемелері.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.
      3. Операцияны жүзеге асыратын банк иеленуші(-лер) банк(-тер) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша болғалы отырған активтер мен міндеттемелердің бөлігін не толық мөлшерде иеленуші (-лер) банктің (-терінің) қарауына байланысты алынған ақпараттың жарияланбауын, құпия ұсталуын сақтауды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.
      4. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерін бір және бірнеше банктерге жіберуге рұқсат етіледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.

2-тарау. Операцияларды жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.

      5. Банк операцияны банктің басқару органының шешімі бойынша уәкілетті органмен келісе отырып жүзеге асырады.
      Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде иеленуші банкке (банктерге) бір мезгілде беру банкпен жасалған шарттар негізінде жасалады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.
      6. Операцияны жүзеге асыру жөніндегі дайындық іс-шараларын банк бұл туралы оның басқарушы органы оны беру туралы шешім қабылдағанға дейін жасайды.
      Операцияны жүзеге асыру жөніндегі дайындық іс-шараларының құрамында мыналар бар:
      1) беріліп отырған банк активтерінің құнын, қажет болған жағдайда олардың тәуелсіз бағасын анықтау.
      Дебиторлық берешек бойынша талаптардың беріліп отырған құқықтарының құны баланстық және баланстан тыс шоттарда есепте тұрған берешек сомасы ретінде анықталады. Операцияны жүзеге асыру кезінде аталған құн банк пен дебиторлық берешек бойынша талаптар құқықтарын беру күнгі иеленуші (-лер) банктің (-тердің) арасында келісіліп жасалған болып есептеледі;
      2) банк депозиторларының тізімін қалыптастыру;
      3) банк пен иеленуші (-лер) банктің (-тердің) арасында жүзеге асырылғалы отырған операцияны ескеріп, банктің активтері мен міндеттемелерін беретін күні келісіліп жасалған пруденциалдық нормативтердің есебі.
      7. Банктің иеленуші (-лер) банкті (-терді) таңдауы берілетін активтер мен міндеттемелердің мөлшерлерін негізге алып, мынадай талаптарды ескеріп, дербес түрде жүзеге асырады, атап айтқанда иеленуші (-лер) банк(-тер):
      1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы (-лары) болып табылуы (-лары) керек;
      2) жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашатын және жүргізетін, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдайтын, банктік шоттарын ашатын және жүргізетін, банктік заемдық операцияларды, кассалық операцияларды жүргізетін уәкілетті органның депозиттерді қабылдауға арналған лицензиясын иеленуі (-лері) керек;
      3) уәкілетті орган қолданған қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялары жоқ;
      4) банк клиенттеріне қызмет көрсететін филиалдары бар.
      8. Банк оның басқару органы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде операцияны жүзеге асыру жөнінде уәкілетті органға мынадай құжаттар пакетін келісу және жүзеге асыру үшін береді:
      1) банктің және иеленуші (-лер) банктің (-терінің) Басқарма Төрағасы немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған бірлескен хабарламалары;
      2) банктің басқару органының операцияның жүзеге асырылғандығы туралы шешімі;
      3) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде беру кезіндегі тізбесі, түрлері және алдын-ала мөлшері;
      4) банктің және иеленуші (-лер) банктің (-тердің) күнін және оны жүзеге асыру талаптарын көрсете отырып, операцияны жүзеге асыру туралы алдын-ала шарты (-тары);
      5) банктің және иеленуші (-лер) банктің (-тердің) арасында операцияны жүзеге асыру күні келісіліп жасалған пруденциалдық нормативтердің есебі.
      Уәкілетті орган қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұратады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.
      9. Уәкілетті орган осы Ереженің 8-тармағымен көзделген құжаттар пакетін оны алған сәттен бастап бір мерзімде қарайды.
      Уәкілетті орган келісу қорытындылары туралы ақпаратты банкке және иеленуші (-лер) банкке (-терге) жазбаша түрде жібереді.
      10. Операцияны жүзеге асыруға келісуден бас тарту негіздемесі мыналар болып табылады:
      1) иеленуші (-лер) банктің (-терінің) осы Ереженің 7-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      2) құжаттар пакетінің осы Ереженің 8-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
      11. Банк міндеттемелерін беру банк депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімімен жүзеге асырылады. Депозиторлардың және (немесе) кредиторлардың келісімін алу мақсатында, банк активтерін және міндеттемелерін бөлігінде не толық мөлшерде беру туралы хабарландыруды банк жариялайды. Хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, қарсылықтарды ұсыну мерзімдерін және олар қабылданатын мекен–жайды көрсете отырып, жарияланады.
      Хабарландыру жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде депозиторлардың және (немесе) кредиторлардың жазбаша келіспеушіліктерінің болмауы депозитордың және (немесе) кредитордың міндеттемелерді беруге келісімдері ретінде қаралады.
      Операцияны жүзеге асыру жөніндегі хабарландыруды жариялауға байланысты шығыстар банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Банк операцияны жүргізу жөніндегі хабарландыруды уәкілетті органмен оны келісілгенде жариялайды.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.
      12. Банк операцияны жүзеге асыру жөніндегі хабарландыруды жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) беруге келіскен және одан бас тартқан депозиторлардың және (немесе) кредиторлардың тізімін қалыптастырады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.
      13. Банк операцияны осы Ереженің 11 және 12-тармақтармен көзделген іс-шараларды өткізгеннен кейін жүзеге асырады.
      14. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде, сондай-ақ тиісті құжаттарды (шарттарды, кредиттік істерді, куәліктерді және басқа құжаттарды) басқа банкке (банктерге) беру екі данадағы қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.
      Қабылдау-өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) атауы, мүкаммал нөмірі, баланстық, бағалау құны, банк активтері көрсетілген шоттар нөмірі, банктің меншік құқығын растайтын құжаттар ескерілген банктің беріліп отырған активтерінің мөлшері, тізбесі және түрлері;
      2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), дебиторлардың атауы, дебиторлық берешек сомасы ескерілген шоттар нөмірлері, заем сомасы, банктік заем шартының жасалған күні және нөмірі, банктік заем шартының қолданылу мерзімі, банктік заем бойынша, банктің банктік заем бойынша есептеген және қабылдаған сыйақы сомалары көрсетілген дебиторлық берешек бойынша талаптар құқықтарын беру құны және тізбесі;
      3) жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша берілетін міндеттемелердің мөлшері, депозиттер сомасы, депозит сомасы, банктік шот және (немесе) банктік салым шартын жасау күні және шарттың нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі, депозиторлардың салым бойынша алған және есептелген сыйақы сомасы бойынша салымның сыйақы ставкасы ескерілген депозиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), шоттар нөмірлері көрсетілген депозиттер тізбесі.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.
      15. Банктің және иеленуші (-лер) банктің (-тердің) арасында операцияны жүзеге асырғандығы жөнінде жасалған шарттың (-тардың) көшірмелері және қабылдау-өткізу акті жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде толық өткізген күннен бастап жеті күн ішінде уәкілетті органға беріледі.
      16. Осы Ереженің 11-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, операцияны жүргізумен байланысты шығыстар иеленуші (-лер) банктің (-тердің) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 195 қаулысымен.
      17. Банк операцияны жүзеге асыру жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімдік баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

3-тарау. Қорытынды ереже

      18. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілетін болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады