Жергілікті атқарушы органдардың, оқитын адам мен жұмыс берушінің арасындағы шетелдік мамандарды алмастыру мақсатында қайта оқыту жөніндегі өзара міндеттемелері туралы үш жақты үлгі шартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 159-ө, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 8 мамырдағы N 208, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 135 Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5690 болып енгізілді

       РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 274 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 50-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Жергілікті атқарушы органдардың, оқитын адам мен жұмыс берушінің арасындағы шетелдік мамандарды алмастыру мақсатында қайта оқыту жөніндегі өзара міндеттемелері туралы үш жақты үлгі шарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
      1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
       Еңбек және халықты
       әлеуметтік қорғау министрі                      Г. Әбдіқалықова

      Қазақстан Республикасы
       Білім және ғылым министрі                          Ж. Түймебаев

      Қазақстан Республикасы
       Энергетика және минералдық
       ресурстар министрі                                  С. Мыңбаев

Қазақстан Республикасы 
Еңбек және халықты   
әлеуметтік қорғау   
министрінің      
2009 жылғы 6 мамырдағы
N 159-ө        

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым    
министрінің      
2009 жылғы 8 мамырдағы
N 208         

Қазақстан Республикасы 
Энергетика және    
минералдық ресурстар  
министрінің      
2009 жылғы 13 мамырдағы
N 135         

Бірлескен бұйрығымен
бекітілген   

Жергілікті атқарушы органдардың, оқитын адам мен жұмыс берушінің арасындағы шетелдік мамандарды алмастыру мақсатында қайта оқыту жөніндегі өзара міндеттемелері туралы
ҮШ ЖАҚТЫ ҮЛГІ ШАРТ

_________ қ.                                   "___" _________200_ ж.
      Бәрі бірге Тараптар деп аталатын, бұдан әрі Әкімдік деп
аталатын, ________________________________________________ негізінде
қызмет ететін _______________________________ атынан ________________
                (жергілікті атқарушы орган)
___________________________________________, бұдан әрі Жұмыс беруші
            (лауазымы, Т.А.Ә.)
деп аталатын, _________________________________________ негізінде
қызмет ететін _______________________________________________ атынан
                          (заңды тұлғаның атауы)
_________________________________________________________ және бұдан
                  (лауазымы, Т.А.Ә.)
әрі Оқушы деп аталатын, жеке куәлігінің N ___________________ "___"
____________________ берілген _______________________________________
                                          (оқушының Т.А.Ә.)
төмендегілер туралы келісті.

1. Шарттың мәні

      1.1. Осы Шарт Қазақстан азаматтарын, шетелдік мамандарды алмастыру мақсатымен, Қазақстан Республикасының ішкі еңбек нарығында сұраныс бар мамандықтар мен кәсіптер (біліктіліктер) бойынша (бұдан әрі – сұраныс бар мамандықтар мен кәсіптер (біліктіліктер) қайта оқытуды ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Әкімдік:
      2.1.1. Шетелдік мамандарды алмастыру мақсатымен, қазақстандық кадрларды тартылатын шетелдік жұмыс күшінің мамандықтар мен кәсіптер (біліктіліктер) бойынша қайта оқытудан өтуін ұйымдастыруға.
      2.1.2. Қазақстандық кадрларды қайта оқыту және шетелдік жұмыс күшін алмастыру жөніндегі комиссияны құруға және оның жұмысын ұйымдастыруға, Комиссия қайта оқытылған қазақстандық кадрларды шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорынға бір ай мерзімге тағлымдамаға жібереді, сондай-ақ тартылған шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру туралы (тартылған шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін қайта оқытудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыру туралы) шешім қабылдайды.
      2.1.3. Әкімдіктің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының:
      - тартылатын шетелдік жұмыс күшінің мамандықтары мен кәсіптерін көрсете отырып, аудандар (облыс, қала) және салалар бойынша, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың тізбесін;
      - қазақстандық азаматтармен ауыстыруға жататын, тартылған шетелдік мамандардың тізбесін, мамандықтары мен кәсіптер (біліктіліктер), аудандар (облыс, қала) және салалар бойынша;
      - тартылған шетелдік мамандарды ауыстыру мақсатымен қазақстандық кадрларды қайта оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін айқындауын қамтамасыз етуге;
      2.1.4. Әкімдіктің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру басқармалары арқылы:
      - Әкімдіктер мен шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың арасында кадрларды қайта оқыту жөніндегі келісімдерге қол қойылуын;
      - шетелдік мамандарды ауыстыру мақсатымен қазақстандық кадрларды жұмысшы мамандықтары бойынша қайта оқыту үшін курстар ұйымдастыруды;
      - тартылған шетелдік мамандарды ауыстыру мақсатымен қазақстандық кадрларды қайта оқытудың және қайта оқытудан өткендерді жұмысқа орналастырудың ай сайынғы мониторингін қамтамасыз етуге;
      - оқитын азаматтарды білім беру ұйымына қайта оқытуға жіберудің, қайта оқытудан өткендерді Жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмысқа орналастырудың тәртібін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етуге.
      2.1.5. Оқитын адамның қайта оқыту ақысын республикалық бюджет есебінен төлеуге міндетті.
      2.2. Әкімдіктің:
      2.2.1. Қайта оқытудан өткізетін оқу орнын айқындауға.
      2.2.2. Оқитын адамнан осы Шартқа сәйкес міндеттемелерін дұрыс және тиісінше орындауды, сондай-ақ, оқу тәртібін сақтауды талап етуге.
      2.2.3. Жұмыс берушіден осы Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалуын талап етуге.
      2.2.4. Оқуын жалғастырудан дәлелді себепсіз бас тартқан, оқу тәртібін бұзғаны үшін оқу орнының әкімшілігі оны оқудан шығарған жағдайда қайталап оқытқаны үшін Оқушыдан шығындарды өтеуін талап етуге құқығы бар.
      Оқушының оқу орнындағы оқуын жалғастырудан бас тартуының дәлелді себептеріне, соған байланысты Оқушы ұзақ уақыт (екі аптадан астам) сабаққа бара алмайтындай денсаулығының жай-күй, Оқушының бір елді мекеннен екіншісіне қоныс аударуы және бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың салдары (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдар және т.б.) жатады.
      2.3. Оқушы:
      2.3.1. Сабаққа бармаған жағдайда, болмаған және (немесе) қатыспаған себептері туралы шарт талаптарын, ішкі тәртіп ережесін сақтау мәселелері жөнінде жазбаша түсінік бере отырып, білім беру ұйымын хабардар етуге.
      2.3.2. Білім беру ұйымы берген тиісті куәлікпен (сертификатпен, куәлікпен) расталған, қайта оқытуды аяқтағаннан кейін Жұмыс берушінің кәсіпорнында Жұмыс беруші алмастыруды мәлімдеген кәсіп пен мамандық бойынша еңбек қызметіне кірісуге.
      2.3.3. Осы шарттың 2.2.4.тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта оқытуды дәлелді себепсіз мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты, қайта оқытуға жұмсалған соманы Әкімдікке өтеуге міндетті.
      2.4. Оқушының:
      2.4.1. Қайта оқытудың білім беру оқу бағдарламасына сәйкес сапалы білім алуға.
      2.4.2. Білім беру ұйымының кітапханасы мен ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға құқығы бар.
      2.5. Жұмыс берушінің міндеттері:
      2.5.1. Қазақстандық кадрларды қайта оқытудың оқу жоспарларын (өндірістің немесе қызметтің түрімен айқындалатын арнаулы курстың мазмұнын) келісуге қатысу.
      2.5.2. Оқушының жұмыс орнындағы (кәсіпорында) кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсету.
      2.5.3. Мамандықтар мен кәсіптер (біліктіліктер) бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны туралы Әкімдікке ақпаратты беру.
      2.5.4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген, қайта оқытудан өткен адамдарды тартылатын шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін жұмысқа қабылдау.
      2.6. Жұмыс берушінің құқықтары:
      2.6.1. Тартылатын шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін мамандықтар мен кәсіптердің (біліктіліктердің) тізбесін айқындауға қатысу.
      2.6.2. Оқитын азаматтарды қабылдаудың және білім беру ұйымына жіберудің, қайта оқытудан өткендерді Жұмыс берушінің кәсіпорнында жұмысқа орналастырудың тәртібін әзірлеуге және келісуден өткізуге қатысу.
      2.6.3. Білім беру ұйымдарындағы біліктілік емтихандарын ұйымдастыруға және өткізуге (емтихан комиссияларының құрамы) қатысу.
      2.6.4. Оқушының білім беру ұйымында қосымша, Әкімдіктің жолдамасында көзделмеген сабақтарды өтуі жөніндегі шығындарды кәсіпорын қаражаты есебінен төлеу (қоса қаржыландыру).

3. Тараптардың жауапкершілігі

      3.1. Осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.

4. Дауларды шешудің тәртібі

      4.1. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар жазбаша түрдегі шағымын ұсына отырып келіссөздер арқылы шешетін болады. Шағым алған Тарап, оны қарауға және оны алған күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде жазбаша жауап беруге міндетті.
      4.2. Егер Тараптар келіссөз арқылы келісімге келе алмаса, дау Қазақстан Республикасының сот орындарына шешуге жіберіледі.

5. Қорытынды ережелер

      5.1. Осы Шартқа енгізілген кез келген өзгерістер мен толықтырулар, олар жазбаша нысанда жасалған және Тараптар уәкілеттік берген адамдардың қолы қойылған жағдайда ғана заңды болады.
      5.2. Осы Шарт мемлекеттік тілде және қажет болған кезде орыс тілінде үш данада жасалды. Барлық даналары ұқсас және бірдей күші бар. Тараптардың әрқайсысында осы Шарттың бір-бір данасы бар.

Тараптардың мекенжайлары мен банктік деректемелері

ӘКІМДІК                 ЖҰМЫС БЕРУШІ         ОҚУШЫ
Әкімдік___________      СТН_______________      Т.А.Ә._______________
СТН_______________      ИИК_______________      __________т.ж.
ИИК_______________      Банк______________      Жеке куәлігі N_______
Банк______________      БИК_______________      ______ж. "___"_______
БИК_______________      Мекенжайы:________      берілген
Мекенжайы:________      Тел.______________      Тұратын жері:________
Тел.______________                              Тел._________________

Әкімдіктің өкілі             қолы                  _______________
                                                       (Т.А.Ә.)
Жұмыс беруші                 қолы                  _______________
                                                       (Т.А.Ә.)
Оқушы                         қолы                  _______________
                                                       (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады