Салық органының төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 17 мамырдағы N 261 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 14 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5720 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 19 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 14.01.2015 № 19 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 662 қаулысымен бекітілген Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесiне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес салық органының төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің      
2009 жылғы 17 маусымдағы
N 261 бұйрығына қосымша

Салық органының төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі

20__ жылғы "___" _______________                           N _______
                  (жазба күні)

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 662 қаулысымен бекітілген Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесiне сәйкес, _____________________________________________________________________
                       (салық органының атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(төлеушiнiң аты-жөні,атауы, СТН, сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН) (бар                           болған жағдайда), мекен жайы)
_____________________________________________________ касса бойынша Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдары бойынша берешегiн өтеу жөнiндегi операцияларынан басқа) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Осы өкімді алған кезден бастап т өлеушiнiң кірісіне түсетін қолма-қол ақша қаражаттары Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударылуы тиiс.
      Төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, ақшаларды банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру операцияларынан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына, оларды кейiннен салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешекті өтеу есебiне жатқызу үшiн қолданылады.
      Салық қызмет органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптарын орындамау жағдайында Сізге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкiмшiлiк жаза шаралары қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің жоғары тұрған салық қызметi органына немесе сотқа салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға құқығыңыз бар.

Салық органының Басшысы
(Басшының орынбасары) ____________________________________________
                                   (аты-жөні, қолы, мөрі)

Өкімді алды ______________________________________________________
                      ( төлеушiнiң а ты-жөні, қолы, мөрі, күні)

Өкім төлеушіге
ұсынылды _________________________________________________________
          ( салық органы лауазымды тұлғасының а ты-жөні, қолы, күні)

Өкім төлеушіге
жіберілді ________________________________________________________
               (жіберу және алу фактісі туралы растаушы құжат)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады