Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.17 N 02-01-02/96 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті 2007 жылдың 28 желтоқсандағы N 501 "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымын оңтайландыру бойынша шаралар туралы" Жарлығының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3339 тіркелген, "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 17 наурыздағы N 02-01-02/35 "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы", Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 3549 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылдың 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 бұйрығына толықтыруды енгізу туралы" бұйрықтарымен енгізілген, өзгерістер мен толықтырумен қоса, 2005 жылдың 5 тамызындағы N 02-01-02/104 "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 бұйрығына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 18 тамызында N 3794 тіркелген) өзгертулерді енгізу туралы бұйрығымен мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақтың екінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталықтарда C-O-3 - C-O-6, C-R-2-C-R-5, D-4-D-5, D-О-3-D-O-6, E-3-E-5, E-R-2-E-R-5, E-G-1-E-G-4 санаттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қайта даярлау жүзеге асырылады.";
5-тармақтың екінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталықтарда C-O-3 - C-O-7, C-R-2 - C-R-6, D-4 - D-6, D-О-3 - D-O-7, E-3 - E-6, E-R-2 - E-R-6, E-G-1 - E-G-5 санаттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қайта даярлау жүзеге асырылады.".
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары А.А. Көмекбаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Төрағаның міндетін
атқарушы А. Өрсариев