"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында, басқа білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 тамыздағы N 02-01-02/104 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3794. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011 жылғы 17 мамырдағы N 02-01-02/96 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.17 N 02-01-02/96 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы N 1583  Жарлығына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында, басқа білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерін тіркеудің Мемлекеттік тізілімінде N 3339 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 наурыздағы N 02-01-02/35  бұйрығымен  өзгерістер енгізілген - N 3549 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы және 1 тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында, басқа білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесінде:
      тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ереженің 1, 2-қосымшаларында "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады