Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011 жылғы 17 мамырдағы N 02-01-02/96 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 маусымда N 7007 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/190 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2013 № 06-7/190 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру ережесiне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның міндетін
      атқарушы                                   Қ. Нұрпейісов

Қазақстан Республикасының   
Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi
агенттiгi төрағасының м.а   .
2011 жылғы 17 мамырдағы   
№ 02-01-02/96 бұйрығына   
1-қосымша          

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырудың осы ережесi (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру ережесiне сәйкес әзiрлендi.
      2. Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында (бұдан әрi – Академия), қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттырудың аумақтық орталықтарында (бұдан әрi – орталықтар) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiн қайта даярлауды, сондай-ақ Академияда, орталықтарда және өзге бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру шарттарын анықтайды.
      3. Академияда, орталықтарда iске асырылатын қайта даярлаудың және бiлiктiлiктi арттырудың бiлiм беру бағдарламалары Академиямен әзiрленедi және оқу жылы басталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiмен (бұдан әрi – Агенттiк) келiсiледi.

2. Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру

      4. Академияда А, В, С санаттар топтарының, соның iшiнде С-О-1, С-О-2, С-R-1, D-1 - D-3, D-O-1, D-O-2, E-1, E-2, E-R-1 санаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiн қайта даярлау жүзеге асырылады.
      Орталықтарда C-O-3 - C-O-6, C-R-2 - C-R-5, D-4 - D-5, D-О-3 - D-O-6, E-3 - E-5, E-R-2 - E-R-5, E-G-1 - E-G-4 санаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiн қайта даярлау жүзеге асырылады.
      5. Академияда A, B, С санаттар топтарының, соның iшiнде C-O-1, С-О-2, C-R-1, D-1 - D-3, D-O-1, D-O-2, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарының саяси және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүзеге асырылады.
      Орталықтарда және өзге бiлiм беру ұйымдарында C-O-3 - C-O-6, C-R-2 - C-R-5, D-4 - D-5, D-О-3 - D-O-6, E-3 - E-5, E-R-2 - E-R-5, E-G-1 - E-G-4 санаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнің біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.
      Сондай-ақ, орталықтарда қалалар, аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкiмдерiнiң, олардың орынбасарларының, C-R-1, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүзеге асырылады.
      6. Қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыруға жататын мемлекеттiк қызметшiлердiң саны бөлiнген бюджеттiк қаражаттарға сәйкес мемлекеттiк органдардың кадрлар қызметтерiмен анықталады.
      Ескерту: Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру Алматы қаласындағы мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру аумақтық орталығында жүзеге асырылуы мүмкiн.

3. Қорытынды ережелер

      7. Академия, орталықтар, өзге бiлiм беру ұйымдары 10 қаңтарға дейiн осы Ереженің 12-қосымшаларына сәйкес белгiленген нысандар бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру туралы ақпаратты Агенттiкке тапсырады.
      8. Академия, орталықтар, өзге бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттырудың бағдарламаларын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды Агенттiкке енгiзуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасының         
Президентi жанындағы Мемлекеттiк  
басқару академиясында, мемлекеттiк
қызметшiлердi қайта даярлау және  
олардың бiлiктiлiгiн арттырудың   
аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм
беру ұйымдарында Қазақстан        
Республикасының мемлекеттiк       
қызметшiлерiн қайта даярлау және  
олардың бiлiктiлiгiн арттыруды    
ұйымдастыру Ережесiне 1-қосымша   

Нысан

Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау жиынтығы туралы деректер___________________________________________________________________
(Академияда, орталықтарда)

Мемлекеттiк қызметшiлердiң санаттары

Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк қызметшiлер

Жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк қызметшiлер

Оқудан өткен мемлекеттiк қызметшiлердiң жалпы саны

Оның ішінде:

мемлекеттiк қызметке алғаш қабылданғандар




басшы лауазымға тағайындалғандар




Қазақстан Республикасының         
Президентi жанындағы Мемлекеттiк  
басқару академиясында, мемлекеттiк
қызметшiлердi қайта даярлау және  
олардың бiлiктiлiгiн арттырудың   
аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм
беру ұйымдарында Қазақстан        
Республикасының мемлекеттiк       
қызметшiлерiн қайта даярлау және  
олардың бiлiктiлiгiн арттыруды    
ұйымдастыру Ережесiне 2-қосымша   

Нысан

Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жиынтығы туралы деректер

_________________________________________________________
(Академияда, орталықтарда, өзге бiлiм беру ұйымдарында)

Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк қызметшiлер

Жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк қызметшiлер

Оқудан өткен мемлекеттiк қызметшiлердiң жалпы саны

Қазақстан Республикасының    
Мемлекеттiк қызмет iстерi    
жөнiндегi агенттiгi төрағасының м.а.
2011 жылғы 17 мамырдағы    
№ 02-01-02/96 бұйрығына     
2-қосымша           

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 17 наурыздағы № 02-01-02/35 «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 02-01-02/138 бұйрығына толықтыруды енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3549 болып тіркелген) бұйрығы.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 тамыздағы № 02-01-02/104 «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында, басқа білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 02-01-02/138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3794 болып тіркелген) бұйрығы.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2009 жылғы 22 шілдедегі № 02-01-02/127 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 02-01-02/138 «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5736 болып тіркелген, 2009 жылғы № 9 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) бұйрығы.
      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 02-01-02/138 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3339 болып тіркелген) бұйрығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады