Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 10 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3339. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011 жылғы 17 мамырдағы N 02-01-02/96 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.17 N 02-01-02/96 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 5 тамыздағы N 02-01-02/104 (Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 5 тамыздағы N 02-01-02/104 (Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының   
Мемлекеттік қызмет істері   
жөніндегі агенттігі төрағасының
2004 жылғы 24 желтоқсандағы  
N 02-01-02/138 бұйрығымен   
БЕКІТІЛГЕН           

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік
қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін
арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру
ұйымдарында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау
және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСІ

      Ескерту. Тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 5 тамыздағы N 02-01-02/104 (Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесіне сәйкес әзірленді.

      2. Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (бұдан әрі - Академия), қайта даярлау және біліктілікті арттырудың аумақтық орталықтарында (бұдан әрі - орталықтар) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қайта даярлауды, сондай-ақ Академияда, орталықтарда және өзге білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру шарттарын анықтайды.

      3. Академияда, орталықтарда іске асырылатын қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламалары Академиямен әзірленеді және оқу жылы басталғанға дейін бір айдан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) келісіледі.

2. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен
олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру

      Ескерту: 2-тарау ескертумен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 17 наурыздағы N 02-01-02/35 бұйрығымен .

      4. Академияда А, В, С санаттар топтарының, соның ішінде С-О-1, С-О-2, С-R-1, D-1-D-3, D-O-1, D-O-2, E-1, E-2, E-R-1 санаттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қайта даярлау жүзеге асырылады.
      Орталықтарда C-O-3 - C-O-6, C-R-2-C-R-5, D-4-D-5, D-О-3-D-O-6, E-3-E-5, E-R-2-E-R-5, E-G-1-E-G-4 санаттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қайта даярлау жүзеге асырылады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2009.07.22 N 02-01-02/127 Бұйрығымен.

      5. Академияда A, B, С санаттар топтарының, соның ішінде C-O-1, С-О-2, C-R-1, D-1-D-3, D-O-1, D-O-2, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарының саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.
      Орталықтарда C-O-3 - C-O-7, C-R-2 - C-R-6, D-4 - D-6, D-О-3 - D-O-7, E-3 - E-6, E-R-2 - E-R-6, E-G-1 - E-G-5 санаттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қайта даярлау жүзеге асырылады.
      Сондай-ақ, орталықтарда қалалар, аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкімдерінің, олардың орынбасарларының, C-R-1, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру жүзеге асырылуы мүмкін.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2009.07.22 N 02-01-02/127 Бұйрығымен.

      6. Қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға жататын мемлекеттік қызметшілердің саны бөлінген бюджеттік қаражаттарға сәйкес мемлекеттік органдардың кадрлар қызметтерімен анықталады.
___________________________
      Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Алматы қаласындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аумақтық орталығында жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Қорытынды ережелер

      7. Академия, орталықтар, өзге білім беру ұйымдары 10 қаңтарға дейін N 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы ақпаратты Агенттікке тапсырады.

      8. Академия, орталықтар, өзге білім беру ұйымдары мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Агенттікке енгізуі мүмкін.

                                            Қазақстан Қазақстан
                                         Республикасы Президентінің
                                       жанындағы Мемлекеттік басқару
                                         академиясында, мемлекеттік
                                         қызметшілерді қайта даярлау
                                          және олардың біліктілігін
                                             арттырудың аумақтық
                                          орталықтарында, өзге білім
                                               беру ұйымдарында
                                          Қазақстан Республикасының
                                          мемлекеттік қызметшілерін
                                          қайта даярлау және олардың
                                            біліктілігін арттыруды
                                            ұйымдастыру Ережесіне
                                                  N 1 қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 5 тамыздағы N 02-01-02/104 (Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

         Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау
                 жиынтығы туралы деректер

      ___________________________________________________
                  (Академияда, орталықтарда)

мемлекеттік
қызметшілердің
санаттары

республикалық
бюджет есебінен
ұсталатын
мемлекеттік
қызметшілер

жергілікті
бюджет
есебінен
ұсталатын
мемлекеттік
қызметшілер

оқудан өткен
мемлекеттік
қызметшілер-
дің жалпы
саны

мемлекеттік
қызметке алғаш
қабылданғандар




басшы лауазымға
тағайындалғандар




                                            Қазақстан Республикасы
                                          Президентінің жанындағы
                                            Мемлекеттік басқару
                                        академиясында, мемлекеттік
                                        қызметшілерді қайта даярлау
                                         және олардың біліктілігін
                                            арттырудың аумақтық
                                        орталықтарында, өзге білім
                                             беру ұйымдарында
                                        Қазақстан Республикасының
                                        мемлекеттік қызметшілерін
                                        қайта даярлау және олардың
                                          біліктілігін арттыруды
                                          ұйымдастыру Ережесіне
                                                 N 2 қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 5 тамыздағы N 02-01-02/104 (Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

            Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін
               арттыру жиынтығы туралы деректер

   ___________________________________________________________
     (Академияда, орталықтарда, өзге білім беру ұйымдарында)

республикалық бюджет
есебінен ұсталатын
мемлекеттік
қызметшілер

жергілікті бюджет
есебінен ұсталатын
мемлекеттік
қызметшілер

оқудан өткен
мемлекеттік қызметшілердің
жалпы саны







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады