"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 бұйрығына толықтыруды енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 17 наурыздағы N 02-01-02/35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3549. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011 жылғы 17 мамырдағы N 02-01-02/96 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.17 N 02-01-02/96 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3339 тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
      Жоғарыдағы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесінде:
      2 тарауды келесі мазмұндағы ескертумен толықтыру:
      "Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Алматы қаласындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аумақтық орталығында жүзеге асырылуы мүмкін".
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады