Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы N 526 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5847 болып енгізілді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 17.03.2015 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.

      4. "Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 434 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 13 қазанда N 4421 тіркелген, 2006 жылғы 1 қарашада N 191 "Заң" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ж. Досқалиев


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 14 қазандағы
N 526 бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 17.03.2015 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 08.12.2016 № 1043 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.08.2017 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      1. Карантинді жұқпалар:

      Шешек

      Полиомиелит (жабайы полиовирустардан пайда болған)

      Адам тұмауы (жаңа кіші түрінен пайда болған)

      Ауыр жіті респираторлы синдром (АЖРС)

      Тырысқақ

      Оба

      Сары қызба

      Ласса қызбасы

      Марбург вирусынан пайда болған ауру

      Эбол вируснан пайда болған ауру

      Батыс Ніл безгегі

      Денге қызбасы

      Рифт-Вал қызбасы (Рифт алабы)

      Менингококк жұқпасы

      2.Аса қауіпті жұқпалар:

      Адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтыру

      Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы

      Қырым геморрагиялық қызбасы

      Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба

      Алапес

      Құтырма

      Лептоспироз

      Листериоз

      Туберкулез

      Туляремия

      Бруцеллез

      Аусыл

      Сібір ойық жарасы

      3. Паразиттік аурулар:

      Эхинококкоз

      Безгек

      4. Ауа-тамшы арқылы жұғатын жұқпалар:

      Күл

      Көкжөтел

      Қызылша

      Қызамық

      Эпидемиялық паротит

      Күл қоздырғышын таратушылық

      Туа біткен қызамық жұқпасы (туа біткен қызамық синдромы)

      Гемофилия жұқпасы

      Сіреспе

      5. Жіті жұқпалы аурулар:

      Жедел вирусты гепатиттер

      Іш сүзегі және А, В, С қылаулары

      Сальмонеллез

      Дизентерия

      Иерсиниоз

      Риккетсиоздар

      Вирусты кене энцефалиті

      6. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, сот есі дұрыс емес деп таныған, оларға жіті бақыланатын мамандандырылғын үлгідегі психиатриялық стационарда, мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары айқындаған адамдардың психикалық аурулары.

      7. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.08.2017 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 08.12.2016 № 1043 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.08.2017 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады