"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компаниялар мен ұйымдарды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларын әзірлеу және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы N 441 бұйрығына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 460 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5848 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 52 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 140 Бірлескен бұйрығы.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.02.28 № 52 және ҚР Қаржы министрінің 2012.03.07 № 140 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      Акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызметін басқару мен бақылаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ шұғыл мемлекеттік тапсырмаларды, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің жеке тапсырмаларын, халықаралық келісімдердің нормаларын орындауды жеделдету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компаниялар мен ұйымдарды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларын әзірлеу және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы N 441 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 23 қаңтарда N 4031 тіркелген) мынадай өзгерту енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы республикалық мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компаниялар мен ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) қаржы-шаруашылық қызметтерiнiң жоспарларын әзiрлеу және беру ережесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. ҚШҚ-ның Жоспарын түзетуге жарты жылда бір рет қана, сондай-ақ шұғыл мемлекеттік тапсырмаларды, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің жеке тапсырмаларын, халықаралық келісімдердің нормаларын орындауға байланысты жағдайларда жол беріледі.".
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару, ішкі қаржылық бақылау әдіснамасы және бюджеттік кредит беру департаменті (Б.Х. Тәшенов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             Б. Жәмішев      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады