Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 қазандағы N 04.2-44/172 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5927 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 87 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 29.03.2013 № 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2006 жылғы 5 маусымдағы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітілген тәртіпте келісуін қамтамасыз етсін.
      3. Агенттікпен берілген аудиторлық ұйымдарға қаржы құралдарының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылардың күші осы бұйрықтың қолданысқа енгізілуіне дейін берілген қорытындылар онда көрсетілген мерзімнің өтуіне дейін күшін жоғалтпайды.
      4. "Қаржы құралдарының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына ену үшін аудиторлық ұйымдарға біліктілік талаптары туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласыныңөңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 3 сәуірдегі N 04.2-09/78 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2008 жылғы 14 мамырдағы N 5217 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 15 тамыздағы N 8 Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік орталық органдарының актілер жинақтарында жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
      5. Агенттіктің Тіркеу департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі бойынша шаралар қабылдасын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, үш күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, "Қазақстан аудиторлар палатасы" қоғамдық бірлестігінің, "Аудиторлар коллегиясы" кәсіби аудиторлық ұйымының, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;
      3) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы бойынша шаралар қабылдасын.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.
      7. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан жиырма бір күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                       А. Арыстанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Қаржы
      нарығын және қаржы ұйымдарын
      реттеу мен қадағалау агенттігінің
      Төрайымы
      __________________ Е. Бахмутова
      2009 жылғы 5 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Б. Жәмішев
      2009 жылғы 30 қазан

Қазақстан Республикасы   
Алматы қаласының өңірлік 
қаржы орталығының қызметін 
реттеу агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 20 қазандағы  
N 04.2-44/172 бұйрығымен 
бекітілген        

Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары

      1. Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізіміне "акциялар" секторының бірінші санаты, "борыштық бағалы қағаздар" секторының рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар және рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар бірінші санатшасы, "акция" секторының екінші санаты, "борыштық бағалы қағаздар" секторының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар екінші санатшасы, "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторының бағалы қағаздары бойынша енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттердің қаржылық есептілігін және қаржылық есептілікпен байланысты ақпараттың аудитін өткізу үшін, аудиторлық ұйым келесі талаптарға сай болуы қажет:
      1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттері үшін сыртқы сапа бақылауын жүргізу нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттарын және Әдеп кодексінің сақталуын растайтын, аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен аккредиттелген, кәсіби аудиторлық ұйым қорытындысының болуы;
      2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резидент еместері үшін Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйымның немесе резидент болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органның сыртқы сапа бақылауын жүргізу нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттарын және Әдеп кодексінің сақталуын растайтын, қорытындының болуы;
      3) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімінің болуы;
      4) аудиторлық ұйымның Халықаралық бухгалтерлер федерациясының "Форум Фирм" халықаралық бухгалтерлік желілер қауымдастығының қолданыстағы толыққанды мүшесі болып табылатын халықаралық аудиторлық желінің мүшесі екендігін растайтын құжаттың болуы;
      5) аудиторлық қызметпен айналысу мерзімінің үш жылдан кем емес болуы;
      6) бухгалтерлік есеп пен аудит саласында Associate Chartered Accountant (ACA), Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), Certified Public Accountant (CPA), the Association of Chartered Certified Accountants (ACCA) оқудан өткендігін, емтихандарды табысты тапсырғандығын, сондай-ақ еңбек келісім-шарттары немесе лауазымға тағайындалғандығы туралы бұйрықтардың, құжаттардың көшірмелері нотариалды расталған халықаралық сертификаттарына ие үш аудитордың бар болуы;
      7) ұйымның қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай жасалған қаржылық есептілігі бойынша он бестен кем емес аудиторлық есептердің (аудиторлық ұйымның мөрімен расталған аудиторлық есептердің көшірмелерін ұсынуымен) болуы.
      2. Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізіміне "акциялар" секторының үшінші санаты және қаржылық құралдардың басқа санаттары бойынша енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттердің қаржылық есептілігін және қаржылық есептілікпен байланысты ақпараттың аудитін өткізу үшін, аудиторлық ұйым келесі талаптарға сай болуы қажет:
      1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттері үшін сыртқы сапа бақылауын жүргізу нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттарын және Әдеп кодексінің сақталуын растайтын, аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен аккредиттелген, кәсіби аудиторлық ұйым қорытындысының болуы;
      2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резидент еместері үшін Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйымның немесе резидент болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органның сыртқы сапа бақылауын жүргізу нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттарын және Әдеп кодексінің сақталуын растайтын, қорытындының болуы;
      3) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімінің болуы;
      4) бухгалтерлік есеп пен аудит саласында Associate Chartered Accountant (ACA), Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), Certified Public Accountant (CPA), the Association of Chartered Certified Accountants (ACCA), Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA), Сertified International Professional Accountant (CIPA) оқудан өткендігін, емтихандарды табысты тапсырғандығын, сондай-ақ еңбек келісім-шарттары немесе лауазымға тағайындалғандығы туралы бұйрықтардың, құжаттардың көшірмелері нотариалды расталған халықаралық сертификаттарына ие екі аудитордың бар болуы;
      5) ұйымның қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай жасалған қаржылық есептілігі бойынша оннан кем емес аудиторлық есептердің (аудиторлық ұйымның мөрімен расталған аудиторлық есептердің көшірмелерін ұсынуымен) болуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады