Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 265 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6039 болып енгізілді

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін, 2010 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1, 2, 3-тармақтарының жиырма екінші, жиырма үшінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы абзацтарын және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1, 2, 3-тармақтарының жиырма төртінші, жиырма бесінші, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтарын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.
      5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) осы қаулының 4-тармағында көрсетілген мерзімде «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені әзірлеуді қамтамасыз етсін.
      7. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                       Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады