Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Осы қаулы:
2010 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он бесінші, он алтыншы, жетпіс біріншіден жетпіс үшіншіге дейінгі, сексенінші, сексен бірінші, 2-тармағының он үшінші, он төртінші, жетпіс бесіншіден жетпіс жетіншіге дейінгі, сексен төртінші, сексен бесінші, 3-тармағының он екінші, он үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, қырық төртіншіден қырық алтыншыға дейінгі, елу үшінші, елу төртінші, алпыс жетіншіден алпыс тоғызыншыға дейінгі, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші абзацтарын;
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он сегізінші, он тоғызыншы, жетпіс төртіншіден жетпіс алтыншыға дейінгі, 2-тармағының он алтыншы, он жетінші, жетпіс сегізіншіден сексеніншіге дейінгі, 3-тармағының он бесінші, он алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, қырық жетіншіден қырық тоғызыншыға дейінгі, жетпісіншіден жетпіс екіншіге дейінгі, жетпіс төртіншіден жетпіс алтыншыға дейінгі абзацтарын;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он біріншіден он төртіншіге дейінгі, жиырма үшіншіден жиырма бесіншіге дейінгі, жиырма жетіншіден отызыншыға дейінгі, отыз үшіншіден елу сегізіншіге дейінгі, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, 2-тармағының тоғызыншыдан он екіншіге дейінгі, он сегізіншіден жиырма тоғызыншыға дейінгі, отыз бесіншіден алпысыншыға дейінгі, сексен бірінші, сексен екінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, 3-тармағының сегізіншіден он біріншіге дейінгі, он жетінші, он сегізінші, елуінші, елу бірінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) осы қаулының 4-тармағында көрсетілген мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін енгізілген жетілдіруді қамтамасыз етсін.
7. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым | Е. Бахмутова |