Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы № 141 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 260 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6049 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 387 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5362 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымдарының – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ағымдағы қаржы жылына міндетті жарна ставкасы Қазақстан Республикасының заң актілерінде Қорға міндетті қатысуы көзделген міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша (бұдан әрі - міндетті сақтандыру түрлері) мынадай формула бойынша анықталады:
      Ставка (пайыздық мөлшерде) = (СТММ*2*СТЖМӨК+КТ-КР)/(СС* ССЖМӨК)*100,
      мұнда:
      СТММ – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарының арасында міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен бес қаржы жылына бір қатысушы сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшерінің орташа мәні;
      СТЖМӨК - соңғы бес жылдағы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру төлемдері жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      СТЖМӨК =(n кезеңіндегі СТ/n-1 кезеңіндегі СТ) сомасы)/5,
      мұнда:
      СТ - міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы;
      КТ – аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша кепіл төлемдерінің күтілетін сомасы, ол мына формула бойынша есептеледі:
      КТ = ОСТ – НТ,
      мұнда:
      ОСТ – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешімді қабылдау күнінің алдындағы қаржы жылына есептелген, аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары жүзеге асырған сақтандыру төлемдердің орташа мәні;
      НТ – Қор аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша жүзеге асырған кепіл төлемдерінің нақты сомасы (өсу жиынтығымен);
      КР - аяқталған қаржы жылының соңына сақтандыру төлемдеріне кепілдік резерві;
      СС – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдары міндетті сақтандырудың әр түрі бойынша аяқталған қаржы жылына есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;
      ССЖМӨК - соңғы бес жылдағы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру сыйлықақылары жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      ССЖМӨК=(n кезеңіндегі СС/n-1 кезеңіндегі СС)сомасы)/5,
      мұнда:
      СС – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдары міндетті сақтандырудың әр түрі бойынша аяқталған қаржы жылына есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Ереженің 2-тармағына сәйкес айқындалатын міндетті жарна ставкасын Қор есептейді және 0,5 пайыздан кем емес пен мыналарды:
      сақтандырудың міндетті әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасынан 2 (екі) пайызынан астам еместі;
      аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша осы Ереженің 2-тармағының он бірінші абзацына сәйкес есептелген күтілетін кепіл төлемдерінің сомасы 500 000 000 (бес жүз миллион) теңгеден асқан жағдайда, сақтандырудың міндетті әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасынан 3 (үш) пайызынан астам еместі құрайды.»;
      17-тармақта: мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Ағымдағы қаржы жылына шартты міндеттемелер ставкасы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша анықталады:
      Ставка (пайыздық мөлшерде) = (СТММ*2*СТЖМӨК+КТ-КР)/(СС*ССЖМӨК)*100,
      мұнда:
      СТММ – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарының арасында міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен бес қаржы жылына бір қатысушы сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшерінің орташа мәні;
      СТЖМӨК - соңғы бес жылдағы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру төлемдері жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      СТЖМӨК =(n кезеңіндегі СТ/n-1 кезеңіндегі СТ) сомасы)/5,
      мұнда:
      СТ - міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы;
      КТ – аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша кепіл төлемдерінің күтілетін сомасы, ол мына формула бойынша есептеледі:
      КТ = ОСТ – НТ,
      мұнда:
      ОСТ – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешімді қабылдау күнінің алдындағы қаржы жылына есептелген, аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары жүзеге асырған сақтандыру төлемдердің орташа мәні;
      НТ – Қор аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша жүзеге асырған кепіл төлемдерінің нақты сомасы (өсу жиынтығымен);
      КР - аяқталған қаржы жылының соңына сақтандыру төлемдеріне кепілдік резерві;
      СС – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдары міндетті сақтандырудың әр түрі бойынша аяқталған қаржы жылына есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;
      ССЖМӨК - соңғы бес жылдағы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру сыйлықақылары жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      ССЖМӨК=(n кезеңіндегі СС/n-1 кезеңіндегі СС)сомасы)/5,
      мұнда:
      СС – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдары міндетті сақтандырудың әр түрі бойынша аяқталған қаржы жылына есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы.».
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына және «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                               Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады