Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2009.12.01 N 33-18 Шешімімен.
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабын (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысын орындау үшін, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды және жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Астана қаласы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін, ол үшін Заңның 17-бабына сәйкес "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының әкімдері тіркеу жөнінде комиссиялар құрсын және олардың жұмысын қамтамасыз етсін.
2. "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
1) медициналық комиссияларды персоналмен қамтамасыз етсін;
2) медициналық комиссияларды тиісті мүлікпен, құрал-саймандармен және жабдықпен қамтамасыз етсiн;
3) тексеру актісін жасаумен комиссия белгілеген мерзімде тіркеуге жататын азаматтарды емдеу мекемелерінде тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын;
4) қаланың емдеу-алдын алу мекемелерінде флюорографиядан өтуді, қан, несеп анализдерін тапсыруды, электрокардиограммаға түсіруді, сондай-ақ тісін емдетуді қажет ететін азаматтардың ауыз қуысын емдеуді ұйымдастырсын;
5) медициналық комиссиялардың жұмысын "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының әкімдері бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырсын.
3. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
1) тіркеуге жататын азаматтардың шақыру пунктіне келуін, әскер жасына дейінгі азаматтардың әскери есепке тұруына байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оларды оқудан босатуды;
2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін.
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істері департаменті" мемлекеттік мекемесі:
1) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, ұстауды жүргізсін;
2) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысы кезінде тіркеудің барлық кезеңіне (2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары) қызметкер бөлумен шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
5. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында тіркеуге жататын азаматтарға хабарлау, техникалық жұмыстарды орындау үшін 30 жұмыссыз азаматты Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жіберу арқылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
6. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
7. "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі осы шешімді Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
9. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Әкім И.Тасмағамбетов
Әкімнің орынбасары Е.Т. Қожағапанов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Астана қаласының Ішкі істер
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2009 жылғы 23 қаңтар М.Ғ. Демеуов
"Астана қаласының Жұмылдыру
дайындығы, азаматтық қорғаныс,
апаттардың және дүлей апаттардың
алдын алуын және жоюын ұйымдастыру
жөніндегі басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2009 жылғы 23 қаңтар Т.Ө. Ермеков
"Астана қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
2009 жылғы 23 қаңтар Қ.Т. Мыңжанов