Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.05 N 23-1қ Қаулысымен.
Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармақшасына , "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысының 1.5. тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-10қ қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 ақпанда N 558 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 29 нөмірінде, 2009 жылғы 19 наурыздағы N 30 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 28 наурыздағы N 37 нөмірінде жарияланған, "Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-10қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 23-291қ қаулысымен өзгеріс енгізілген нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 13 сәуірде N 568 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 51 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 48 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11)-16) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері;
14) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
15) толық емес жұмыс режимінде қамтылған қызметкерлер;
16) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар.";
7-тармақтағы "2008" деген сандар "2009" деген сандармен ауыстырылсын.
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім И. Тасмағамбетов