Қала бюджетінің қаржысынан ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 тамыздағы № A-8/1579 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 қыркүйекте № 1-1-108 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № А-2/266 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010.02.23 № А-2/266 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 баптарына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы № С-20/14 «Ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкаларын және лауазымдық айлықақыларын көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» шешімінің негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала бюджетінің қаржысынан ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкаларын және лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Б.Малғаждаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
      4. Қала әкімдігінің осы қаулысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Б.Сапаров

Көкшетау
қаласы әкімдігінің
12.08.2009 ж.
№ А-8/1579 қаулысына
қосымша

Қала бюджетінің қаржысынан ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесі

1. Білім беру мамандарының лауазымы:

      директор, директордың орынбасары, мұғалім, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, логопед, тәрбиеші, медицина бикесі, шебер, оқытушы-ұйымдастырушы, жетекші, әдіскер, қосымша білім беру педагогы, кітапханашы;

2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымы:

      меңгеруші, әлеуметтік қызметкер;

3. Мәдениет мамандарының лауазымы:

      директор, директордың орынбасары, көркем сурет жетекшісі, хореограф, әдіскер, дыбыс жөніндегі техник.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады