2010 жылы Көкшетау қаласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № А-12/2493 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 қаңтарда № 1-1-117 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № А-2/283 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011.02.16 № А-2/283 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20 баптарының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының31 бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, сонымен қатар жұмыссыз азаматтардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылы Көкшетау қаласында қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылсын.
      2. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қажеттіліктеріне сәйкес Көкшетау қаласының ұйымдарының қоса беріліп отырған тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайы, қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
      3. Қаладағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен белгіленген тәртіпте қоғамдық жұмыстар жүргізуге үлгілік шарттар жасауды ұсыну, сондай-ақ жұмыссыздарды еңбек шартына сәйкес жұмысқа қабылдауды, қоғамдық жұмыстармен қамтылған жекелеген санаттардағы азаматтардың (әйелдер, мүгедектер) жұмыстарын жұмыс атқарылған уақытпен немесе нақты орындалған жұмыс көлемімен үйлесімді төлеммен ұйымдастыру қаралсын, жұмыс уақытын ұйымдастырудың басқа да икемді нысандары қолданылсын.
      4.«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыссыз адамдарды қоғамдық жұмыстарға тіркелген күніне сәйкес, кезек тәртібімен ұйымдардың өтінімі бойынша жұмыссыздардың белгіленген санының және бұл мақсатқа бөлінген қаражат шегінде жіберсін.
      5. «Көкшетау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2010 жылы Көкшетау қаласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды қаржыландыруды бұл мақсатқа көзделген жалпы сомасы 26266000 (жиырма алты миллион екі жүз алпыс алты мың) теңге бюджеттік қаражатқа сәйкес жүзеге асырсын.
      6. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № А-1/6 «2009 жылы Көкшетау қаласында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аумақтық тізілімінде № 1-1-96 болып тіркелген, 2009 жылғы 22 қаңтарда № 3 «Көкшетау» және № 3 «Степной маяк» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулы Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан күннен бастап іс-әрекетке енгізіледі.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.

      Қала әкімі                                 Б.Сапаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Көкшетау қаласының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ахметов Қ.А.

      «Көкшетау қаласының
      қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ыдырысов Ө.Қ.

      «Көкшетау қаласының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Омарова А.Б.

      «Ақмола облысының
      Әділет департаментінің
      Көкшетау қаласының
      Әділет басқармасының бастығы               Тәшенова Ж.Е.

      «Көкшетау қаласының
      ішкі істер басқармасының
      көші-қон полициясы
      бөлімінің бастығы                          Шәріпов Р.К.

Қосымша
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы № А-12/2493
қаулысымен бекітілген

Көкшетау қаласының ұйымдары, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайы, қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері және оларды қаржыландыру көздерінің тізбесі

№ р/
с

Ұйымдар

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайы

Еңбек ақы мөлшері

Қаржылан-
дыру көзі

1

Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Авариялық-
жөндеу қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Ықшам аудандарды ағымдағы ұстау: гүлзарларды, скверлерді, орталық көшелерді, ықшам аудандарды күн сайын санитарлық тазалау, жиектастарды ақтау және тазалау, гүлзарларды қию, көшелердің бұрылыстарын қар мен мұздақтардан тазалау, ағаштарды қию, қоқыстарды жинау, өндірістік жайды жинау

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

2

Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны

Ықшам аудандарды ағымдағы ұстау: гүлзарларды, скверлерді орталық көшелерді, ықшам аудандарды күн сайын санитарлық тазалау, жиектастарды ақтау және тазалау, гүлзарларды қию, көшелердің бұрылыстарын қар мен мұздақтардан тазалау, ағаштарды қию, қоқыстарды жинау, өндірістік жайды жинау

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

3

Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі» шаруашылық жүргізу
мемлекеттік мекемесі

Айналасындағы аумақты ағымдағы ұстау, кітап қорын қалпына келтіру, кітапханашының көмекшісі, құжаттарды өңдеуге көмек көрсету.

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

4

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеу,және тәртіпке келтіру, кіріс және шығыс құжаттарды енгізу және тіркеу құжаттарды тіркеу және жүргізу.

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

5

Көкшетау қаласы «Красный Яр селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Шаруашылық бойынша есепке алу және тіркеу, әлеуметтік карталарды толтыру, құжаттарды өңдеу, көшелерді санитарлық тазалау

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

6

«Көкшетау қаласының Станционный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Шаруашылық бойынша есепке алу және тіркеу, әлеуметтік карталарды толтыру, құжаттарды өңдеу, көшелерді санитарлық тазалау

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

7

Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасының көші-қон полиция бөлімі

Электронды нысандағы құжаттарды өңдеу, кіріс және шығыс құжаттарды енгізу және тіркеу

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

8

Көкшетау қаласының Әділет басқармасы

Құжаттарды өңдеуге көмек жасау және тәртіпке келтіру, сұраныс хаттарды басу, құжаттарды тіркеу және тігу

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

9

«Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеуге көмек жасау және тәртіпке келтіру, сұраныс хаттарды басу, құжаттарды тіркеу және тігу

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

10

«Көкшетау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеуге көмек жасау және тәртіпке келтіру, сұраныс хаттарды басу, құжаттарды тіркеу және тігу

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

11

«Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеуге көмек жасау және тәртіпке келтіру, сұраныс хаттарды басу, құжаттарды тіркеу және тігу

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

12

«Көкшетау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Объектілерді жөндеу жұмысы: сылақ жұмыстары, сырлау, үй-жайларды құрылыс қоқыстарынан тазалау және құжаттарды өңдеуге, кітапхана қорын қалпына келтіруге көмек жасау.

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

13

«Көкше»
мәдениет үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын

Үй-жайды тазалау, айналасындағы аумақты ағымдағы ұстау, құжаттарды өңдеуге көмек көрсету.

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

14

Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Достар» мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын

Үй-жайды тазалау, айналасындағы аумақты ағымдағы ұстау, құжаттарды өңдеуге көмек көрсету.

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері

Қалалық
бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады