Степногорск қала әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № а-1/33 "Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету бойынша шаралар туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 3 ақпандағы № А-1/44 қаулысы. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 наурызда № 1-2-107 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 қазандағы № А-10/414 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 17.10.2011 № А-10/414 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Степногорск қала әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № а - 1/33 «Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету бойынша шаралар туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерінің Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-2-83 тіркелген, 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 4 «Престиж» газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      1-1 тармағы келесі мазмұнмен толықтырылсын:
      « 1-1 Материалдық қамтамасыздандыру төлемдерін тоқтатуға әсер еткен жағдайлар пайда болған кезде (мектепті аяқтауы, мүгедек баланың 18 жасқа жеткені, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектігінің алынуы, тұрғылықты жері өзгеруі, үйде оқытуға қажеттілігінің жоқтығы туралы психико медициналық педагогиялық кеңес қорытындысының болуы) тиісті жағдайлар пайда болғанда төлем келесі айдың айынан бастап тоқтатылады».
      2. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә.Сәдуақасоваға жүктелсін.

      Степногорск қаласының
      әкімі                                  А. Никишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады